«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Абылай Мырзахметов: локдаунды алдын алуға барынша күш саламыз

2020 жылғы 25 Қыркүйек
4348 просмотров

25 қыркүйекте Орталық коммуникациялар қызметінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың қатысуымен Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген тапсырмалар шеңберінде бизнестің жай-күйі және орта бизнесті қолдауға ұсынылған дағдырысқа қарсы шараларға арналған баспасөз конференциясы өтті

 Абылай Мырзахметовтың айтуынша, биыл Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы ерекше ынтамен қабылданды, өйткені жолдаудың үлкен ауқымы бизнесті карантиннен кейінгі қолдау мәселелеріне арналды.

 «Президент ауыртпалық мемлекет және халыққа түскенін, соның ішінде пандемия салдары бизнеске, әсіресе қызмет көрсету саласына ауыр болғанын атап өтті. Мемлекет басшысы жолдауда «Атамекен» ҚР ҰКП қатысуымен әзірленген шаралар туралы айтты. Бұл мәжбүрлі түрде ақысыз демалысқа шыққандарға 42 500 теңге төлемдері, кәсіпкерлер алған несие төлемдерін кейінге шегеру және салықтық жеңілдіктер. Әрине, шекті мәселелер де бар, бизнестің 90%-ы банктердің емес, микронесиелер мен тұтынушылық несиелерді алады. Бизнеске кірістің болмауы жағдайында салықтар және несиелер бойынша төлемдерді қалай төлеу қажетігіне қатысты мәселелердің тағы бір үлкен ауқымын шешу керек болады. Үкіметпен бірге осы бағытта жұмыс жүргізілуде, жыл аяғына дейін ұзарту көзделген», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

 Бизнес үшін пандемияның салдары туралы айтып, Басқарма Төрағасы Ұлттық палата жүргізген сауалнама деректеріне сәйкес бизнестің 1,3 млн өкілі ішінен 800 мыңнан астам кәсіпкер (60%) қиындыққа тап болды. Бірінші кезекте жеке кәсіпкерліктер пандемиядан шектеу шараларына байланысты анағұрлым зардап шекті. Сауалнамаға қатысушылардың 10%-ы  банкрот болудың алдында тұр.  Респонденттердің 30%-ы  штаттарын оңтайландырып, қысқартуға дайын екендіктерін мәлімдеді, штаттың жартысын қысқартады, жартысын ақысыз демалысқа жібереді.

 «Қайта локдаунға кірмеуге тырысамыз, өйткені қатаң локдаунның тағы бірнеше айы экономикаға зиян келтіріп, айтарлықтай шығындарға әкеп соғады. Сондықтан халыққа айтарым: «Егер үш қарапайым шараны – санитарлық нормалар мен арақашықтықты сақтап, қолды жиі жуып тұрсақ, екінші локдаунға тап болмаймыз», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.  

 Қауіпсіздік нормаларын сақтауда өзіндік тәртіп тақырыбын жалғастыра отырып, Абылай Мырзахметов пандемиямен күрес санитарлық дәрігерлер, жазалау әдісімен ғана еңсерілмейтінін айтты. Оны 3 қарапайым әдетті сақтай отырып мемлекет, бизнес және халықтың атсалысуымен жеңуге болады.

 Еске салсақ, осыған дейін Ұлттық палата коронавирус пандемиясы кезеңінде қауіпсіздік шараларын ұстану бойынша флеш-моб  өткізген болатын, іс-шараны бүкіл Қазақстан бойынша жүздеген кәсіпкер, сондай-ақ эстрада жұлдыздары, спортшылар мен қоғам қайраткерлері қолдады.

 ҰКП Басқарма Төрағасы Мемлекет басшысына  қысқа мерзімді іс-шаралар жоспарын ғана емес, сонымен қатар орта мерзімді міндеттерді қалыптастыру мәселелерінде де қолдау білдіретінін атап өтті. Ұлттық палата өз алдында алдағы бірнеше жылда үш негізгі міндетті белгілеп алды: біріншіден, түсінікті әрі қарапайым, бастысы – цифрлық негізде құқықтық реттеуді қалыптастыру.

 Абылай Мырзахметовтың айтуынша, заңнамалық базаның басым бөлігі бізге кеңес одағы кезеңінен мұраға қалған. Қолдағы бар жүйені бірнеше рет жақсартты, қазіргі заманға сай бейімдеді, жетілдірді, алайда оның тиімділігі аз болды, сондықтан бүгінде ең қисынды шешім жаңа заңнама жазу болмақ.

 «Президент «таза парақтан» 2021 жылдан бастап цифрлық негізде қарапайым әрі түсінікті жаңа реттеуді әзірлеуді тапсырды. 2021 жылы ауқымды жұмыс күтіп тұр – бизнеске жұмыс істеуге қолайлы әрі ыңғайлы болатындай реттеудің құжатын жазып шығу. Бұл дегеніміз жаңа Салық кодексіне толық тексеру жүргізіп, оны оңтайландыру. Отандық тауар өндірушіні қолдау. АӨК-ті дамытудың жаңа бағдарламасы. Аталған мәселелер ауқымды жұмыс істелетін негізгі бағыттар», – деді Абылай Мырзахметов.

 Айта кетсек, «Атамекен» кәсіпкерлерді жаңа реттеуді қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырады. Журналистер қойған сұрақтардың үлкен легі отандық тауар өндірушілерді қолдау, соның ішінде қазақстандық тауар өндірушілердің супермаркеттер сөрелеріне қолжетімділігіне арналды.

 «Сауда желілерінде көздеген өз мүдделері барын түсінген жөн. Олар жеке компаниялар, демек адамдар сатып алатын заттарды сатады. Осындай жағдай отандық тауар өндірушілерге сатып алушыларды тарту мақсатында маркетингпен жұмыс істеуге, қаптаманы жақсартуға  ынталандыратын болады. Бір жағынан импорт – бұл баж салығы, ДСҰ және ЕАЭО шеңберінде міндеттемелерімізді азайтатынын түсіну қажет. Бұл қабылданған міндеттемелер, біз оларды саналы түрде қабылдадық. ЕАЭО міндеттемелері бойынша 2 жылдық шектеулер шеңберінде қандай да бір тауарлық позициялар бойынша ұлттық режимге шығуға, баж салығын жоғарылатуға және шектеулерді енгізуге болады. Демек, алға қарай қалыпты, протекционистік рұқсат етілген шаралармен жүруіміз керек», – деді Абылай Мырзахметов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер