«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Эльдар Жұмағазиев: Мәжіліс жанындағы салалық комитеттің қолдауы шаруалардың мүддесін тиімдірек қорғауға мүмкіндік береді

2020 жылғы 24 Қыркүйек
4010 просмотров

Импортты алмастыру, ауыл шаруашылығы техникасына утилизациялық төлем, сүт өнімдерін таңбалау, шағын шаруашылықтарды қолдау – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетімен кездесуі барысында талқыланған мәселелердің бірсыпырасы ғана

Алғашқы онлайн-кездесуге Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко және «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев, Мәжіліс салалық комитетінің депутаттары, сондай-ақ АӨК саласындағы қауымдастықтың өкілдері қатысты.

 Іс-шараға қатысушылар сонымен қатар дайындаушы ұйымдарды қолдау қажеттілігін және импортты алмастырғуа кедергі келтіретін басқа да факторларды талқыға салды. Тиімді пікір алмасудың маңызды тақырыбы сүт өнімдеріне таңбалауды енгізу және өнімдердің бақылануы болды.

 Палата өкілдері мен Мәжіліс депутаттары ауыл шаруашылығы техникасына утилизациялық төлемді енгізуді алып тастау немесе ең кемі кейінге қалдыру қажеттігіне қатысты ортақ пікірге келді.

 «Елдің аграрлық секторын дамыту үшін отандық ауыл шаруашылығы машина жасауды дамыту қажет, осы ретте отандық зауыттарға қолдау көрсетілу қажеттігін түсінеміз. Бірақ ауыл шаруашылығы техникасын бүкіл тізбегіне утилизациялық алымды енгізу мәселені шешпейді», – деп атап өтті ҰКП Басқарам Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

Бұл ойды аграрлық одақтар өкілдерімен қоса Парламенттің төменгі палатасы  салалық комитетінің депутаттары да қолдады.

«Біз аталған проблеманы Үкімет алдында бірнеше рет көтердік, енді осы мәселеде түсіністік болады деген ойдамыз», – деді Мәжіліс жанындағы Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің депутаты Мұрат Теміржанов.

 Парламент Мәжілісі спикерінің орынбасары Владимир Божко жиынға қатысушылар назарын ішкі нарықты контрафактілі және жасанды азық-түлік өнімдерінен қорғауға аудартты. Бұдан бөлек, В. Божко өндірушілер мен сауда желілері арасындағы байланысты нығайту үшін инфрақұрылым құру қажеттілігін, сондай-ақ азық-түлік өніміне бағаны мемлекеттік реттеу маңыздылығын атап өтті.

 «Атамекен» ҰКП және Мәжіліс жанындағы салалық комитет мүшелерінің пікірі сәйкес келген тағы бір мәселе – сүт өнімдерін таңбалау ықтималдығы. «Атамекен» ҰКП-ның ерікті таңбалауға қатысты позициясы Мәжіліс депутаттары тарапынан бір ауыздан қолдау тапты. Осы ретте мәжілісмендер таңбалауды тек экспорттық өнімге енгізу туралы позицияны қолдады, осындай шара Ресей Федерациясындағы экспорттық нарықты сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Заңнамалық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, атап айтқанда сатып алушы ұйымдарды қолдау, қайта өңдеу кәсiпорындарын қосымша жүктеу үшiн шикiзатпен қамтамасыз ету және басқа мәселелер бойынша егжей-тегжейлi талқылау мен кеңес беру өтті. Қызу талқылардың тақырыбы шаруалардың жерді тиімді пайдалануына мониторинг жүргізу мәселелері болды.

 «Мәжіліс депутаттарымен осындай талқылау өткізу жиындары дәстүрге айналады. Мәселелердің басым бөлігі депутаттар тарапынан түсінікке әрі белсенді қолдауға ие болды.  Жұмыс талқылаулар сүт өнімдерін таңбалау, утилизациялық алымды енгізу сынды ең негізгі мәселелер бойынша ойымыз бір екенін көрсетті. Біз агроөнеркәсіптік кешенге қатысты барлық мәселелер бойынша сараптамалық қолдау, салалық қауымдастықтар мен бизнес тарапынан «кері байланыс» көрсетілетін болады деп келістік. Бұл жайт Үкімет деңгейінде шаруалардың мүддесін бірлесіп қорғауға мүмкіндік береді», – деді Эльдар Жұмағазиев.

 Кездесу соңында депутаттар осындай кеңес беру жиындары маңыздылығын атап өтті, олар «Атамекен» ҰКП және «Nur Otan» фракциясы арасындағы Мәжілістегі ынтымақтастықтың жол картасын тиімді жүзеге асыруға, сонымен қатар Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың құқықтық және нормативтік базасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер