«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жамбыл облысы прокуратурасының жанынан Кәсіпкерлікті қорғау жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды

2020 жылғы 21 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
6798 просмотров

Сараптамалық кеңестің құрамына облыс әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев, «Тараз ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Қаржауов, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Самат Қосалиев, «Даму» қорының басшылығы, сондай-ақ, облыс кәсіпкерлері қауымдастығының өкілдері кірді

Осы кеңесші органның негізгі функциялары – консультативтік, ұйымдастырушылық көмек ұйымдастыру, сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерін қорғау. Жұмыстың ашықтығы және бизнес қауымдастықпен кері байланыс орнату мақсатында Сараптамалық кеңестің жұмысы әлеуметтік желілерде және БАҚ-та жарияланатын болады.

Сараптамалық кеңестің бірінші отырысының күн тәртібінде стационарлық емес сауда объектілері туралы мәселе қаралды.

ӨКП директоры Самат Косалиев прокуратура органдарына осы платформаны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласы, әлеуметтік сала, жер қатынастары, сондай-ақ шешуді талап ететін қаржы қаражатының қолжетімділігі бойынша көптеген проблемалық мәселелер бар екенін атап өтті. Бұл платформа бизнес мәселелерін шешуге ықпал етеді.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына шағын және орта бизнесті қолдау мәселесін қойып отыр. Шағын сауда саласы ерекше назар аударуды қажет етеді.

Тараз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 125 қаулысына сәйкес келес шаралар бекітілген:

- Көшпелі сауда үшін 10 орын;

- Ұлттық алкогольсіз сусындарды сатуға арналған 20 орын (киіз үйлерден);

- Бақша және жеміс-көкөніс өнімдерін сатуға арналған 20 орын ашу.

 

«Дамып келе жатқан қалаға орын жеткіліксіз деп санаймын. Біз олардың санын кем дегенде екі есе көбейтуді ұсынамыз. Сондай-ақ, Палатаның  байланыс орталығына осы кәсіпкерлерден аталған мәселе бойынша қоңыраулар жиі түсетінін атап өткім келеді. Кәсіпкерлерге стационарлық емес объектілерді орнату үшін орындардың болуы және осы объектілерді орнатуға рұқсат алу тәртібі туралы жалпыға қол жетімді ақпаратты табу қиын. Іс жүзінде ЖАО-дан бөлінген орындарда стационарлық емес сауда орталығын орнатуға рұқсат алудың бекітілген тәртібінің болмауы көптеген сұрақтар туғызады. Егер мұндай тәртіп болса, осы ақпаратты қала әкімдігінің сайтында жариялауды ұсынамыз. Егер жоқ болса, оны әзірлеп, бекіту қажет», – деп ұсынды Самат Қосалиев.

Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауында прокуратура органдарына кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілері бойынша шұғыл шаралар қабылдау тапсырылғанын айтты.

Облыс прокуроры атап өткендей, қадағалау актілері бойынша өңірдің 7 ауданында сауда орындарын анықтау бойынша шаралар қабылданды, сондай-ақ кәсіпкерлерді жауапкершілікке тарту туралы 90-нан астам заңсыз шешімдер жойылды, нәтижесінде 1000-нан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Кездесу соңында қадағалаушы орган бизнес қауымдастықты қорғау жұмысына белсенді түрде атсалысуды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер