«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ​​​​​​​жұмысының жаңа форматы 

2020 жылғы 07 Қыркүйек
5468 просмотров

«Атамекен» ҰКП аппаратының басшысы Нұралы Бөкейханов  өзінің фейсбук парақшасында жұмысты қайта форматтау  жайында ақпаратпен бөлісті.

9 қыркүйек күні 

«Атамекен» ҚР ҰКП құрылғанына 7 жыл толады. Осы жеті жыл ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Сандарды сөйлетсек:  33 мың нормативтік-құқықтық актіге сараптама жүргізілді, бизнеске қойылған жаңа 495 талап алынып тасталды, 799 талап қысқартылды, 514 жүйелі кедергі жойылды.

"Алайда алда атқарылған жетістіктер пандемия мен карантин салдарынан ағымдағы жағдайға байланысты елеусіз қалды. Бизнесте бейқам болуға - сұранысты, демек табысты төмендетуге себеп жоқ, бәсекеге қабілетті жаңа басымдықтар талап етіледі. "Атамекен" де бұл қатарда. Осы жеті жыл ішінде ҰКП палаталардың классикалық моделімен жұмыс істеп келді: "Атамекен" сараптамаға салалық қауымдастықтар мен өңірлік палаталарды тарта отырып, Үкіметпен жұмыс істейді. Әрине, бизнесмендермен тікелей жұмыс өз алдына. Бірақ, техникалық және басқа да себептерге қарай бұл жүйелі модель болған жоқ. Сегіз ай бұрын командамыз өз алдына - жалпыға ортақ алаң құру бойынша мақсат қойды. Онда әр кәсіпкер бизнес, экономика және әлеуметтік реттеудің кез келген мәселесі бойынша өз позициясын білдіре алатын болады. Осы ретте басты принциптер -  ашықтық, қолжетімділік пен нәтижелілік болмақ. 
Қазір бізде: "Заңдар сараптамасының жаңа моделі", "Бизнес петициялар" және "Атамекен лента" атты 3 жоба бар", - деп атап өтті Нұралы Бөкейханов.

Заңдар сараптамасының жаңа моделі

Аппарат жетекшісі электронды платформа  құрылып жатқанын хабарлады. Онда қолданушылар заң жобаларымен оларды әзірлеушілер жариялаған уақыттан бастап таныса алады. Осы ретте алгоритм қолданушы үшін қажетті нормалар жайында хабарлап тұратын болады. Қолданушы өзіне қатысты тақырыптарды таңдап, өз "лентасын" толықтыра алады.

Әр кәсіпкер лайк/дизлайк түрінде және жобаның әр жекелеген тармағы бойынша  пікір түрінде өз позициясын білдіре алады; әзірлеуші және ҰКП-да жауапты сарапшы туралы деректерді алады; басқа кәсіпкерлер және қауымдастықтардың позициясымен таныса алады. "Атамекен" үшін аталған платформада бизнестің қатысуы келісімдікті күшейтуге және дауыс берген кәсіпорындардың нақты тізіміне шағымдануға мүмкіндік береді.

Бизнес-петициялар

Платформаның екінші модулі бизнес-петициялар жүйесі болады. НҚА жобаларының сараптамасы - бұл мемлекеттік органдар бастамасына әсер ету болса, бизнес-петициялар - жеке үлес қосу және мемлекетке ұсыныс жасау мүмкіндігі. Оңай конструктор көмегімен кәсіпкер ағымдағы мәселелерді және өз ұсыныстарын айта алады. Алгоритм болса бұл бастаманы сала, өңір бойынша әріптестер және басқа да мүдделі тараптар арасында таратады. Осы ретте заңды тұлғалар өз ЭЦҚ кілттері немесе мобильді құрылғыда  Atameken ID арқылы дауыс бере алады. Дауыстардың жекелеген көрсеткіші жиналған уақытта қосынды әкімдіктер, министрліктер, тіпті ҚР Үкіметінің басшылығы деңгейінде арнайы топтардың қарауына жіберіледі. 

Atameken Лента - Web 2.0-ге өту.

"Жоғарыда аталған өнімдерді кәсіпкерлер қаншалықты жиі қолданатын болады? Біз бұл нишалық қызметтер екенін түсінеміз. Сондықтан кәсіпкерлерге қызықты болатын, лента форматында "How to" контентін ұсынамыз. Осы алаңды құруда біз VC.RU, Pikabu, change.org, Яндекс Дзен, crunchbase cынды жобалардан шабыт алдық. Егер фейсбукте қызықтыратын авторларды іздеуге тура келсе, мында контент қолданушысын өзі табатын болатын. "Атамекен" аталған алаңда эксклюзивті автор болмайды. Қолданушылар материалдарды өздері генерациялап (UGC), платформамызда басқа қолданушылармен кері байланыс орнатып,  жариялай алады. В2В маркетплейстің де келешегі зор", - деп атап өтті Н.Бөкейханов.

Тамыз айынан бастап 45 салалық қауымдастық және 60 сарапшымен пилоттық жоба жұмысын бастады. 30 қыркүйектен бастап ашық бета-тестілеу жүргізу мақсатында  Web 2.0 форматында Atameken Лента платформасы қосылады. Ал қазан айында "Атамекен" ҚР ҰКП Съезінде платформаның толыққанды іске қосылуы жүзеге асады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер