«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Іnfokazakhstan.kz порталының жұмысы – соңғы айда бизнес жиі қолданған қызметтер қатарында

2020 жылғы 08 Қыркүйек
3902 просмотров

Іnfokazakhstan.kz порталы  локдауннан кейін бизнес жұмысын қайта бастауы үшін 15 тамыз күні іске қосылды.

Кәсіпкерлер жұмысқа дайындығын және санитарлық нормаларды сақтауды растау үшін құжаттарды жинап, мемлекеттік органдар көмегіне жүгінбейді. Жұмысты қайта бастау үшін порталда электронды цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, тіркелу жеткілікті. Бизнес түріне қойылатын санитарлық талаптармен танысқан соң жеке келісімді растап, өтінім жіберу керек, электронды поштаға дайындық актісі келеді.

Бұл құжатты басып шығарып, нысанның кіреберісіне іліп қою қажет. Көпшілік жиналатын әрі тактильді байланыс жоғары болатын кәсіпорындардың жекелеген тобына рұқсат беру тәртібі қарастырылған, яғни сайтта өтінім берген соң нысанға мониторингтік топтың тексерумен келуін күту керек.

Меншік формасына қарамастан: жұмысты қайта бастайтын және төтенше жағдай мен карантин кезеңінде қызметін тоқтатпаған бизнес субъектілері бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес тіркеуден өтуі керек.

Сондықтан бизнес субъектілері үшін infokazakhstan.kz веб-порталының жұмысы сұраныста болды. Бұған «Атамекен» ҰКП жанынан жұмыс істейтін  1432 бірыңғай байланыс орталығына келіп түскен қоңыраулар саны дәлел. 15 тамыздан бастап бірыңғай байланыс орталығына портал жұмысына қатысты 18 мың қоңырау түсті.

Бірыңғай байланыс орталығының жетекшісі Максим Лысенко соңғы айда кәсіпкерлер қойған сұратымдардың негізгі көлемі infokazakhstan.kz порталы жұмысына қатысты болғанын айтты.

«Әрине, портал іске қосылғаннан бастап кәсіпкерлерден қоңыраулар көптеп түсті. Олар бизнесті бастау үшін не қажет екенін білгісі келді. Қазіргі кезде қоңыраулар легі азайды, бірақ әлі де бизнес-қоғамдастық санитарлық нормаларға сәйкестік актісін қалай алуға болады, мониторингтік топтың тексеруі қалай жүргізіледі, бизнестің қандай түрлері хабарлама түрінде, қандай түрлері тексеру тәртібінде жұмыс бастайтыны жайында ақпарат сұрауда. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және тексеру органдары қызметкерлеріне қатысты шағымдар бар. «Атамекен» ҰКП шағымдарға қатысты қоңырауларды қабылдауда.

Мониторингтік топ құрамында Ұлттық палата қызметкерлері де бар, сонымен қатар Палата филиалдары директорларының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасарлары үнемі байланыста. Барлық сұрақтармен 1432 бірыңғай байланыс орталығына (қоңырау шалу тегін), сондай-ақ өңірлердегі байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады», – деп атап өтті Максим Лысенко.

Порталда тіркелу жалғасып жатыр. Тіркеуден локдаунда болған кәсіпорындар ғана емес, қызметті жалғастырған кәсіпорындар да өтіп жатқаны айқын.

Мәселен, Алматы қаласының кәсіпкерлері порталда белсенді тіркелуде. Бүгінде жоспарлы 20,9 мың бизнесмен орнына 461 мың адам тіркеуден өтті. Ал Шығыс Қазақстан облысында статистика мәліметтері бойынша түрлі меншіктегі 86 647 кәсіпкер тіркелген, соның ішінде 14 412 субъект локдаун кезінде қызметін тоқтатуға мәжбүр болған. Соңғы деректер бойынша Іnfokazakhstan сайтында шығыс өңірінің бизнес өкілдері 32,2 мың өтінім берген, 26,5 мың өтінім мақұлданған.

Жалпы порталда тіркеу бойынша қандай жұмыс жүргізіліп жатқаны туралы ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Бақытжан Майжерінов айтты:

«Облыста кәсіпкерлер ауқымын барынша қамту мақсатында біз 41 адамнан тұратын байланыс орталығын құрдық. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында Палата өкілдері бизнес өкілдерінің телефон арқылы сұрақтарына жауап беріп, кеңес беруде, даулы мәселелерді шешуге көмектесіп жатыр. Бұдан бөлек, өтінім беріп үлгермеген кәсіпкерлерге өзіміз қоңырау шала бастадық. Көп ауылда интернет жоқ немесе ұялы байланыс нашар, сондықтан кәсіпкерлердің барлығында бірдей әлеуметтік желілерімізге кіріп, электронды БАҚ-ты оқуға мүмкіндігі болмай тұр. Осындай субъектілерге өзіміз хабарласып, тіркеу қажеттілігін айтып жатырмыз. Егер оларда техникалық мүмкіндік болмаса, біз тіркелу үшін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары және Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарына шақырамыз, онда менеджерлер тіркелуге көмектесіп, бизнеске қатысты барлық түйткілдерді түсіндіріп береді».

Сонымен қатар кәсіпкерлердің жиі қоятын сұрақтарға @InfoKazakhstanbot telegram-боты жауап береді.

 Портал жайында соңғы ақпаратты https://t.me/infokazakhstan telegram-каналынан білуге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер