Алматылық бизнесмендерге 3 727 сервистік қызмет көрсетілді
Ағымдағы жылдың тамыз айында Алматы қаласының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, кәсіпкерлерге тегін сервистік қолдау көрсету аясында 962 қызмет көрсетті, жыл басынан бері - 3 727 қызмет берілді.
"Бизнестің жол картасы 2025" мемлекеттік бағдарламасының "Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту" төртінші бағыты шеңберінде "жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдау" компоненті бойынша бизнеске тегін қызмет көрсету үшін Алматы қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, сондай-ақ services.atameken.kz. электронды порталы да қолжетімді.
Онда кәсіпкерлер келесі қызметтердің түрлерін ала алады:
- бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептерді жасауға байланысты қызметтер;
- заң қызметін көрсету;
- маркетинг мәселелері бойынша қызметтер;
- Мемлекеттік сатып алумен, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуымен байланысты қызметтер;
- отандық тауар өндірушіге өндірілетін өнімді өткізуге жәрдемдесу бойынша консультациялық қызметтер;
- электрондық-цифрлық қызметтерді ұсыну бойынша консультациялық қызметтер.
Бүгінгі таңда Алматы қаласының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында сервистік қолдау бойынша 29 менеджер - кеңесші жұмыс жасайды.
"2020 жылдың 3 қыркүйегіндегі жағдай бойынша олар 2 954 бірегей тұтынушыға 3 182 офлайн-қызмет көрсетті. Сондай-ақ, 545 онлайн - қызмет көрсетілді, оның ішінде бірегей тұтынушылар саны 411 адамды құрады", - деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Әскербек Насамбаев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: