«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің сайлау қорытындысы шығарылды

2020 жылғы 28 Тамыз
- Атырау облысы
7990 просмотров

Өңірлік кеңестің жаңа құрамы Өңірлік коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында жарияланды, кеңеске 20 кандидат мүше болды

Іріктеу компаниясы шілде айында басталды. 7-22 шілде аралығында кандидаттарды тіркеу және құжаттар қабылдау науқаны өтті, 25 шілдеден бастап, 3 тамызға дейін үгіт-насихат кампаниясы ұйымдастырылды. Негізгі кезең – дауыс беру 5-20 тамыз аралығында өтті. Бизнес субъектілердің тең қатысуын қамтамасыз ету мақсатында өңірлік кеңестер құрамының 60 пайызы облыс орталығындағы бизнес өкілдерінен, ал 40 пайызы – аудандар, моноқалалар мен шағын қалалардағы кәсіпкрелерден құралды. Атырау облысы бойынша өңірлік кеңес мүшелігіне квота 20 адамды құрады.

 «Бастапқы кезеңде Атырау облысы ӨКП Өңірлік кеңес мүшелігіне 40 белсенді кәсіпкер сайлауға қатысты. Алдыңғы құрамнан сайлауға 7 адам кандидаттығын ұсынды. Ауыл, орман, балық шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, басқа да қызметтерді көрсету, көтерме және бөлшек сауда салаларынан қатысушылар басым болды. Облыста белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Әлия Бекқожиеваның мезгілсіз  қайтыс болуына байланысты оның кандидатурасы дауыс беруден алынды. Дауыс беру vote.atameken.kz сайты базасында, сондай-ақ SMS-дауыс беру арқылы іске асырылды. Осы ретте дауыс беруге сәйкес өңірдің бизнес субъектілері ұйымның БСН-ЖСН нөмірін растау арқылы қатысуға құқылы болды», – деп хабарлады Өңірлік іріктеу комиссиясының төрайымы Нұрлы Әйтиева.

 Іріктеу кампаниясының қорытындысы бойынша Өңірлік кеңестің жаңа құрамы:

 

 

аты-жөні

ұйым атауы, кандидат лауазымы

дауыс саны

1

ЖОЛМҰХАНОВА ӘСЕЛ БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

«SULTAN PALACE HOTEL» ЖШС директоры

843

2

АНДАШЕВ ЕРЛАН АМАНГЕЛДІҰЛ

«ALIMAY» ЖШС директоры

389

3

ТРЕГАҒЛИЕВА АНАР КИМАДИҚЫЗЫ

«ERSAI-RECYCLING» ЖШС директоры

328

4

ӨМІРЗАҚОВ МАРАТ САҒЫНҒАЛИҰЛЫ

«ӨМІРЗАҚ-СЕРВИС» ЖШС директоры

295

5

ЖАЛДЕКЕНОВ МАРАТ ІЗІМБЕРГЕНҰЛЫ

«ГРАДЕКС KZ» ЖШС директоры

266

6

ЖҰМАҒАЛИЕВА ГҮЛМИРА САБЫРҚЫЗЫ

 «ПЦН Кузет» ЖШС бас директоры

258

7

КЕНЖЕБАЕВ БЕРЖАН АХОНҰЛЫ

«ҚҰРМАНҒАЗЫ» дайындау орталығы»  ЖШС директоры

245

8

СӘРСЕНОВ ҒИБРАТ ШАХАДАТҰЛЫ

«SAURIDA OIL&GAS» ЖШС директоры

225

9

ТҰЯҚБАЕВ ӘСЕТ ҚҰРАҚБАЙҰЛЫ

«ГРУППА КОМПАНИЙ БЕРЕКЕ» ЖШС директоры

215

10

САРМАНОВ МҰРАТ САТЫБАЛДЫҰЛЫ

«НУРЛЫ ДАЛА АГРОФИРМАСЫ» ШҚ директоры

199

11

ҚҰРМАНБАЕВ БАУЫРЖАН БОЛАТҰЛЫ

 «Шыңғыс-Сервис Трейд» ЖШС құрылтайшысы

183

12

ЖАУЫМБАЕВ ҚАРШЫҒА ЕЛЕМЕСҰЛЫ

 «Жаумбаев К.Ш.» ЖК жетекшісі

178

13

БЛЛАТБАЕВА ГАУҺАР СИҒУАТОВА

 «Болатбаева Г.С.» ЖК жетекшісі

177

14

СЕМҒАЛИЕВ ӘЛИБЕК АМАНЖАНҰЛЫ

 «ПРИКАСПИАН ПЕТРОЛЕУМ КОМПАНИ» ЖШС бас директоры

163

15

ЖАНИЯЗОВ АЙБАР СЕРІКҰЛЫ

«Джаниязов А.С.» ЖК директоры

153

16

САППАЕВ АСҚАР МЕНДІҒАЛИЕВ

 «Эталон» жарнама агенттігі» ЖК директоры

136

17

НЫСАНҚҰЛОВА ГҮЛЖАН ТЕМІРҒАЛИҚЫЗЫ

 «НЫСАНКУЛОВА Г.Т» ЖК директоры

135

18

ЖҰБАНОВ ӘДІЛ ОРЫНБАСАРҰЛЫ

 «БАТЫСАЛЬЯНССТРОЙ» ЖШС бас директоры

133

19

ТИШБАЕВ ҚРАЛ МУРҰАТҰЛЫ

 «АлиДан Медикал» ЖГС бас директоыр

131

20

ТӨЛЕНДИЕВ БЕКБОЛАТ АМАНГЕЛДІҰЛЫ

«Төлендиев Б.А.» ЖК директоры

129

Жаңа құрамға сәйкес  Өңірлік кеңестің келесі құрылымы анықталды: 

  • Ауыл шаруашылығы – 3 адам;
  • Өнеркәсіп – 3 адам;
  • Сауда – 4 адам;
  • Құрылыс – 2 адам;
  • Орналастыру әжне тамақтандыру бойынша қызмет көрсету – 2 адам;
  • Әлеуметтік қызмет көрсету – 2 адам;  
  • Көлік және қаттау – 1 адам;
  • Басқа да қызметтерді көрсету  3 адам.

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресов өз сөзінде дауыс беруге белсенді қатысқан кәсіпкерлерге алғысын білдірді. Естеріңізге сала кетейік, олардың облыс бойынша саны 5000-нан асты.

Сонымен қатара өңірлік палаиа басшысы Өңірлік кеңестің бірінші құрамына атқарылған жұмыс үшін алғыс білдіріп, жаңа құрам мүшелері өңірлік кәсіпкерліктің мәселелерін шешуде белсенді атсалысатынына сенім білдірді.

Дауыс беруге 130 мыңнан астам кәсіпкер қатысты.  Сайлау қорытындысы бойынша ресупблика ауқымында өңірлік кеңестерге 456 адам өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер