«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда полицейлер бизнес нысандарына ескертусіз кіріп, санитарлық нормалардың сақталуын тексерген

2020 жылғы 27 Тамыз
- Алматы қаласы
5347 просмотров

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына бизнесмендерден учаскелік полиция инспекторларының іс-әрекеттеріне қатысты бірнеше өтініш келіп түсті, олар оларға тиісті құжаттарсыз "тексерумен" келіп, бейне жазбаларға түсіріп, қызметкерлердің құжаттарын бетпердесіз алып, түсініктеме сұратып, әкімшілік айыппұлмен қорқытқан. Алмалы ауданының осындай «жөнсіз әрекеттерінің» біріне қатысты тәртіптік жаза қолданылды.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасына бірнеше компания өкілдері Жетісу және Алмалы аудандарының учаскелік полиция инспекторларының іс-әрекеттеріне шағыммен жүгінді. 3 тамыз күні Алмалы ауданының учаскелік полиция инспекторы Л.К. тиісті емес құжаттарсыз (нұсқама, тексеру тағайындау туралы акт) медициналық орталыққа кіріп, санитарлық нормаларды бұзғандарды анықтау мақсатында үй-жайларды өз бетімен аралап шыққан.

«Ол өзі медициналық орталыққа келіп, дәліздер бойымен жүрді, содан кейін бетперде болмағаны үшін кабинетте жеке отыратын бас бухгалтерді жауапқа тартқысы келді. Кабинетті кварцтағаннан кейін, бөлменің желдетіп алып, масканың жаңасына ауыстыру үшін, алып тастаған болатын. Ол оның куәлігін алып, онымен бірге полиция бөліміне баруды талап етті, сондай-ақ, ол наряд шақыртып, алып кететіндігі туралы айтып қорқытты. Медициналық орталықтың әкімшілігі араласқаннан кейін ол құжаттарды қайтарып берді, бірақ ол тағы оралатынын айтты кетті», - деп айтып берді компания өкілі.

Осыған ұқсас жағдай 4 тамызда екі полиция қызметкері алматылық тігін фабрикаларының бірінің аумағына құжатсыз кіріп, өндірістік учаскелер мен компания қызметкерлерінің заңсыз бейнетүсірілімін жасаған кезде орын алды. Сонымен қатар, қызметкерлердің бірі бетперде киген қызметкерлерге әкімшілік жаза қолдану үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылаудың аумақтық бөліміне жазба жіберемін деп қорқытқан, сондай-ақ осы қызметкерлерден түсініктеме талап еткен.

«Мұндай фактілер тек жалғыз ғана емес. Палатаға күн сайын кәсіпкерлерден аудандық полиция бөлімдері қызметкерлерінің осындай әрекеттеріне шағымдар түседі, - дейді Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау бөлімінің басшысы Салтанат Лесбаева. Бұл жағдайда полицейлердің өз бетінше рейдтерін заңсыз деп санаймыз, өйткені кәсіпкердің құқық бұзушылық жасағанын куәландыратын дәлелдер жинауды жүзеге асыруға, әкімшілік хаттамалар жасау құзыретіне кіретін уәкілетті адамдар ғана, тек мониторингтік топтардың мүшелері ғана фото - және бейнетіркеу жүргізуге құқылы. ҚР ӘҚБтК-нің 804-бабында ішкі істер органдары ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілетті емес екендігі айтылған».

Кәсіпкерлер палатасы Алматы қалалық полиция департаментіне мән-жайды тексеру туралы өтінішпен жүгінді. Нәтижесінде, қызметтік тексеру нәтижелері бойынша Алмалы ауданының полиция қызметкері «сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды». Екінші фактіге қатысты қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.

«Егер кәсіпкерге құқық қорғау органдары немесе басқа ведомстволардың қызметкерлерінің заңсыз әрекеттер фактісі кездессе, онда ол Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасына жүгіне алады, сондай - ақ бізде «Алматы Бизнес штабы» телеграм-арнасы жұмыс істейді, онда кәсіпкерге қатысты заңсыз іс-әрекеттердің видеосын жіберуге болады», - деді Салтанат Лесбаева.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер