276,9 мыңнан астам кәсіпкер infokazakhstan.kz порталына өтінім берген
Порталдың іске қосылуынан бастап 276,9 мыңнан астам кәсіпкер жұмысты жаңарту үшін өтінім берген, соның ішінде 243,3 мыңы мақұлданды.
Өтінімдердің басым бөлігі Алматы қаласы (42,5 мың өтінім), Шығыс Қазақстан облысы (27,8 мың өтінім) және Қарағанды облысынан (24,7 мың өтінім) түскен.
Порталға электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы небәрі 10-15 минут ішінде тіркелуге болады. Бизнес түрлерінің 90 пайызынан астамы мониторингтік топтың тексеруінсіз хабарлындыру тәртібінде жұмысын бастай алады.
Сайтта қоғамдық бақылау қызметі іске қосылған, әр келуші/клиент егер бизнес тарапынан санитарлық нормалардың бұзылғанын байқаса, сайт арқылы шағым түсіре алады.
Еске салсақ, Ұлттық палата infokazakhstan.kz порталының жұмысына қатысты кәсіпкерлер жиі қоятын сұрақтарға жауап берді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: