«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнеске қойылған шектеу шараларды жұмсартудың екінші кезеңі 31 тамыздан басталады

2020 жылғы 26 Тамыз
3765 просмотров

Ведомствоаралық комиссия шектеулерді жеңілдетудің екінші кезеңін мақұлдады

Денсаулық сақтау министрлігі шектеу шаралары ел бойынша COVID-19 инфекциясын 10 есеге, жедел жәрдемді шақыру санын 4,2 есеге, ауруханада жатқандардың санын 80%-ға төмендетуге мүмкіндік бергенін, ал мобильді бригадалар саны 7,6 есеге артқанын хабарлады.

 Қол жеткізілген оң әсерді ескере отырып, ведомствоаралық комиссия биыл 31 тамыздан бастап келесі нысандардың қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады:

-діни объектілер (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді);

-бассейндер (жеке форматта, 1 келушіге 5 ш. м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы);

-жаттығу залдары (1 келушіге 5 ш. м. дейін, алдын ала жазылу арқылы);

-спорт кешендері (1 келушіге 5 ш. м. дейін жеке және топтық жаттығулар үшін);

- мәдениет нысандары (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, толымдылығы 50%-дан аспайды, оның ішінде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30 адамға дейін ұжымдық дайындықтар, үзілістерде бөлмелерді желдету, бетперде тағу қажет);

-ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және т. б. (жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтар үшін әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, кемінде 2 метр қашықта, бетперде тағу қажет);

Сонымен қатар қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздарының, қалааралық, облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер