«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңестердің сайлау қорытындысын шығарды

2020 жылғы 26 Тамыз
5702 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы республика бойынша кәсіпкерлердің өңірлік кеңестердің сайлау қорытындысын шығарды. 

Өңірлік кеңестер – кәсіпкерлер палаталарының бақылаушы органдары.  Сайлау кампаниясының қорытындысы бойынша 14 облыста өңірлік кеңестердің жаңа құрамының тізімі анықталды.

1141 кәсіпкер және қауымдастықтардың өкілдері қатысқан іріктеу кампаниясы шілде айында басталды. 7-22 шілде аралығында кандидаттарды тіркеу және құжаттарды қабылдау жүргізілді, 25 шілдеден бастап 3 тамызға дейін үгіт-насихат кампаниясы жүргізілді. Негізгі кезең – сайлау – 5-20 тамыз аралығында өтті.

Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары, сонымен қатар 12 облыстағы өңірлік кеңестер құрамындағы 436 орынға барлығы 1028 кандидат қатысты. Әр өңірге бақылаушы органдарға мүшелер саны бойынша квота кәсіпкерлік субъектілердің санына қарай 20-дан 35-ға адамға дейін құрады.

Кандидаттар ретінде өңірде тіркелген кәсіпкерлер, өзін-өзі реттейтін ұйымдар және ӨКП-да аккредиттелген қауымдастықтардың жетекшілері мен атқарушы органдарының мүшелері тіркеле алды. Кандидаттар ретінде өз өңірінде белсенді, қоғамда беделі бар кәсіпкерлер, қауымдастықтардың жетекшілері тіркелді. Үміткерлер арасында ауыл, орман және балық шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, қызмет көрсетудің басқа да салалары, көтерме және бөлшек сауда саласының өкілдері басым болды.

Дауыс беру vote.atameken.kz сайты базасында, сондай-ақ SMS-дауыс беру арқылы іске асырылды. Осы ретте дауыс беруге сәйкес өңірдің бизнес субъектілері ұйымның БСН-ЖСН нөмірін растау арқылы қатысуға құқылы болды.

«Біріншіден, 6 жыл бойы «Атамекеннің» қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан өңірлік кеңестер мүшелеріне алғыс білдіргім келеді. Бұл сайлау ел ауқымындағы бизнес-қоғамдастықты біріктіретін ірі ұйым «Атамекен» ҰКП дауының жаңа кезеңі болмақ. Бір орынға екі адамнан құралған байқау ұйымымыздың ашықтығы мен кәсіпкерлердің дайындығын көрсетеді. Кәсіпкерлер палаталары Өңірлік кеңестеріне сайлау бизнес-қоғамдастықтың жетілуін әрі өңірлердегі бизнестің дамуы және кәсіпкерлер палаталарын басқаруға үлес қосуға әзірлігін көрсетті. Басқару органдарының жаңарған құрамы (жаңа құрамның үлесі 10-нан 6 адам) өңірлік палаталарының, тұтастай «Атамекен» ҰКП дамуына жаңа серпін береді. Өңірлік кеңестерге сайлау – Ұлттық палата қызметінің тиімділігін арттырудағы кезекті қадам екенін атап өтпекпіз. Кандидаттардың орташа жасы –43 жас, осы ретте ең жас үміткер 21 жаста», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

Дауыс беруге 130 мыңнан астам кәсіпкер қатысты. Шымкент қаласы (17,6 мың дауыс), Нұр-Сұлтан қаласы (16,1 мың дауыс), Ақтөбе облысы (11,6 мың дауыс), Қарағанды облысы (11,2 мың дауыс) дауыс беру науқанына анағұрлым белсенді қатысты.

«Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Алматы қаласында пилоттық режимде өткен сайлау тәжірибесі республикалық ауқымда сайлау өткізуге негіз болды. Біз үшін іріктеу кезеңінің ашықтығын қамтамасыз ету басымдықта болды,  аталмыш кезең үнемі бақылауда, сонымен қатар білікті іріктеу комиссияның жіті назарында болды. Арнайы портал қызметі бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік берді, дауыс беру санын қолдан көбейту себебі бойынша дауыс беру нәтижелері қабылданбады, тіпті бір өңірде екі үміткер сайлаудан шеттетілді. Сайлау ауқымына қарамастан дауыс берудің ашық жүргізілуін қамтамасыз етуге күш салдық», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

Бизнес субъектілердің тең қатысуын қамтамасыз ету мақсатында өңірлік кеңестер құрамының 60 пайызы облыс орталығындағы бизнес өкілдерінен, ал 40 пайызы – аудандар, моноқалалар мен шағын қалалардағы кәсіпкрелерден құралды.

Пандемияның таралуы мен карантинге байланысты шектеулер шеңберінде барлық үгіт-насихат іс-шаралары онлайн режимінде немесе БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жүргізілді. Атап айтқанда, кәсіпкерлер – дауыс беруге қатысушылармен бейнебайланыс арқылы кездесулер, әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізілді, сондай-ақ үгіт-насихат және бағдарламалық материалдар телевизия, баспа басылымдар және Facebook, Instagram желілері арқылы жарияланды.

Ішкі қағидаларға сәйкес өңірлік кеңестер жаңа құрамының тізімі «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының қаралымына жіберілді. Өңірлік кеңестердің жаңа құрамы 3 қыркүйекте жарияланады деп күтілуде. Осыған байланысты Маңғыстау облысында өңірлік кеңестерге сайлау қайта жүргізілгендіктен, аталған өңірдегі басқару органының құрамы кейін, болжам бойынша қыркүйек айының соңында қалыптасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер