«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ералы Тоғжанов сауда орталықтары мен базарлардың жұмыс істеу уақытын ұзартуға қатысты ұсынысты қолдады

2020 жылғы 24 Тамыз
5630 просмотров

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов локдауннан кейін бір апта өткен соң кәсіпкерлердің карантиндік шараларды сақтауын тексерді

Нысандарды аралау шеңберінде делегация MEGA Silk Way сауда және ойын-сауық орталығы, «Эталон» құрылыс базары мен Орталық базарына барды.

 17 тамыздан бастап сауда орталықтарының ашылуына рұқсат берілді, өйткені нысан иелері келушілердің маска және қолғап киюін бақылау, адамдар арасында қашықтықты сақтау және кіреберісте дене қызуын өлшеу бойынша міндетті өз жауапкершіліктеріне алды. Сауда және ойын-сауық орталығының директоры Қанат Төребаевтың айтуынша,  орталық әкімшілігі нормалардың сақталуын қатаң қадағалауға алған.

 «Кіреберісте барлық келушілердің дене қызуы автоматты түрде өлшеніп, масканың болуы тексеріледі. Әр жалға алушының бутигінде маскалар, антисептиктер бар, әр жерде ара қашықтық сақталып, әлеуметтік арақашықтық үшін белгілер жасалған. Әр сауда алаңы жанында рұқсат етілген келуші саны көрсетілген тақтайшалар орнатылған», – деді Қанат Төребаев.

Талаптарға сәйкес сауда алаңдарында келушілердің саны қалыпты толымдықтан 30%-дан аспауы тиіс, жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, демалыс күндері жұмысқа шектеу қойылған.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев сауда және ойын-сауық орталықтары жұмысын жұмыс күндері сағат 22:00-ге дейін ұзартуды ұсынды.

«Мектепке дайындық науқаны басталды, ата-аналар жұмыстан кейін балаларын жетектеп сауда орталықтарына қарай асығады. Қазір көпшіліктің жиналу уақыты сағат 18:00-ден жабылуға дейін жалғасуда. Ал жұмыс уақытын ұзарту келушілер санын сейілтіп, кіреберістерде адамдардың топтасуын алдын алуға мүмкіндік береді», – деді Олжас Ордабаев.

 Ералы Тоғжановтың айтуынша, бүгінде санитарлық режимді сақтау – бірінші кезектегі мәселе.

 «Бұл мәселені түсініп отырмыз. Жұмыс уақытын ұзарту ұсынысын жуырда болатын Ведомствоаралық комиссияда қарастыруды ұсынамын. Кәсіпкерлер нормаларды қатаң ұстануы қажеттігін еске саламын», – деді Ералы Тоғжанов.

 17 тамыздан бастап базарларда жабық сауда алаңдары жұмысын бастады. Базар директорының м.а. Ғалымжан Шоланов базарға кіреберісте жаяу және көлікпен келушілердің дене қызуы өлшенетінін айтты, масканы үйде ұмытып кеткендер масканы кіреберісте сатып ала алады. Сонымен қатар жабық сауда нүктелерде тұрақты бақылау жұмыс істейді.

 Орталық базарда бірінші қабатта жұмыс жанданды. Жуық арада екінші қабаттағы сауда нүктелері іске қосылады. Кіреберістерде тепловизорлар қойылады.

 Сауда алаңдарын жалдаушылар демалыс күндері базарда адам саны аз болатынын айтты.

 «Демалыс күндері қалада қоғамдық көлік жүрмейді де сондықтан адамдар бізге келе алмайды. Базарда жұмыс істейтіндер үшін де қатынау қиын, кешке үйге қайтатын көлік жоқ», – дейді кәсіпкерлер.

 Ералы Тоғжанов қоғамдық көлік жұмысы мәселесі егжей-тегжейлі қарауды талап ететінін айтты.

 «Әзірге салонда ішінде ара қашықтық пен маскалардың болуын бақылау қиын. Адамдардың жаппай шоғырлануын және індетті жұқтырып алу қаупін болдыртпау үшін біз сауда орталықтары мысалында базарлар жұмысын жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін ұзарту мәселесін қарастырамыз», – деді кәсіпкерлерге Премьер-министрдің орынбасары.

 Еске салсақ, бизнестің локдауннан шығуының алғашқы кезеңі 17 тамыздан басталды. Кәсіпкерге жұмысты қайта бастау үшін:

 - InfoKazakhstan.kz электронды платформасынан нысанды тіркеу;

-қызметті қайта бастауға электронды рұқсат алу қажет.

Бизнестің кейбір санатына рұқсат мониторингтік топтың тексеруінен кейін беріледі. Оның құрамында әкімдік қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, өңірлік кәсіпкерлер палаталары және қоғам өкілдері бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер