Маңғыстау облысының Өңірлік кеңесіне кандидаттарға дауыс беру басталды
Сайлаудың алғашқы күні бизнес-қоғамдастықтың 2800-нан астам өкілі дауыс берді.
Өңірлік кеңеске мүшелікке 50 адам үміткер. Барлығы 20 адам өтеді.
Ең жас кандитат 25 жаста, ең үлкені – 70 жаста. Өңірлік кеңеске 10 бизнес ханым сайланып жатыр.
Кандидаттар арасында түрлі сала өкілі бар: құрылыс саласы (11 адам), көлік (7 адам), сондай-ақ қызмет көрсету саласынан (6 адам) қатысушылар саны басым.
26 тамызға дейін Маңғыстау облысының кәсіпкерлері, қауымдастықтар мен өзін-өзі басқаратын ұйымдар vote.atameken.kz сайты арқылы 1 кандидатқа дауыс бере алады.
Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңестің жаңа құрамы 11 қыркүйекте жарияланады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: