«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнеске карантиннен кейін жұмысты қалай бастауға болады? – «Atameken Business» телеарнасында тікелей эфир

2020 жылғы 19 Тамыз
4903 просмотров

20 тамызда тікелей эфирде кәсіпкерлер және «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері карантиннен кейін жұмысты қайта бастау мәселелерін талқылайды. 

Карантиннен кейін жұмысты бастау және COVID-19 індетінің таралуына барынша жол бермеу үшін кәсіпкерлерге InfoKazakhstan.kz сайтына тіркелу қажет. 
Эфир барысында қызметті бастауға электронды рұқсат алып қойған кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөліседі. Бағдарламаның көрсетілімін Atameken Business Channel телеарнасынан немесе https://inbusiness.kz/ru/tv сілтеме арқылы интернеттен көруге болады.

Бағдарламаның орыс тіліндегі көрсетілімі сағат 10:30-да.

Бағдарламаның қазақ тіліндегі көрсетілімі сағат 11:30-да. 

Айта кетелік, infokazakhstan.kz  порталында осы уақыт аралығында 115,9 мыңнан астам өтінім қабылданды, соның ішінде 88,2 мың өтінім мақұлданды, өтінімдердің 86,2 мыңы хабарландыру тәртібінде берілді. 

Осы ретте infokazakhstan.kz іске қосылғаннан бастап 1432 бірыңғай байланыс орталығына портал жұмысына қатысты 5,6 мың қоңырау түсті. Қоңыраулардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласы (1814 немесе түскен қоңыраулардың жалпы көлемінен 32,37%) және Алматы қаласынан (1372 немесе 24,48%) түскен. 

Порталдың жұмысына қатысты өзекті ақпарат https://t.me/infokazakhstan телеграм-каналда жарияланады, ал сауалдарды @InfoKazakhstanbot телеграм-ботына немесе 1432 байланыс орталығына жолдауға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер