20 тамыз – Кәсіпкерлер палаталары Өңірлік кеңестеріне дауыс берудің соңғы күні
Ертең – өңірлердегі бизнес-қоғамдастық өкілдері Кәсіпкерлер палаталары Өңірлік кеңестеріне кандидаттарға дауыс бере алатын соңғы күн.
vote.atameken.kz сайтында дауыс беру Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00-де аяқталады. Кандидаттарға электронды цифрлық қолтаңба арқылы дауыс беруге болады.
Маңғыстау облысында сайлау науқаны жалғасуда. Қазіргі кезде 20 тамызға дейін кандидаттар арасында үгіт-насихат жұмысы жүргізіліп жатыр, ал онлайн-дауыс берудің өзі 22-26 тамыз аралығында өтеді. Әр кәсіпкер, қауымдастық немесе өзін-өзі басқаратын ұйым сәйкес өңірде 1 кандидатқа дауыс бере алады. ЭЦҚ арқылы дауыс беру үшін ұйымның кілтін таңдау жеткілікті.
Сайлау науқаны басталғаннан бері 5 тамыздан бастап кандидаттарға 128 000 бизнес өкілі дауыс берді. Онлайн-дауыс берудің алғашқы күнінен бастап Шымкент қаласы (17,5 мың дауыс беруші), Нұр-Сұлтан қаласы (15,6 мың дауыс беруші) және Ақтөбе облысының (11,6 мың дауыс беруші) кәсіпкерлері белсенді.
Өңірлік кеңестеріне ел ауқымында 456 адам өтеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: