50 000 кәсіпкер infokazakhstan.kz порталы арқылы өтінім берді
50000 кәсіпкер қызметті қайта бастауға рұқсат алу үшін порталға өтінім берген, соның ішінде 34 мың кәсіпкер дайындық актісін алды, көбі бүгіннен бастап жұмысқа кірісті. Берілген өтінімдер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр, онда бизнесмендер 4 793 өтінім рәсімдеген, екінші кезекте Алматы облысы (4068 заявок), сондай-ақ Қостанай облысы (3071 өтінім)
Павлодар облысынан «Три Кота Ж» ЖШС директоры Анастасия Барт өңір кәсіпкерлеріне infokazakhstan.kz сайтында тіркелу бойынша үндеу тастады:
«Мен «Три Кота Ж» ЖШС директорымын, кеше infokazakhstan.kz порталында құжат рәсімдеу қажет болды. Бүкіл процедура 3 минут уақыт алды. Сұрақтарым бойынша байланыс орталықтарына хабарластық, онда мамандар тіркеу процедурасы бойынша бәрін түсіндірді. Екі минут ішінде бізге дайындық актісі берілді. «Атамекен» ҰКП-ға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын».
Петропавлда дүкен иесі Татьяна Рейбондт портал арқылы нысанды ашуға рұқсатты тез рәсімдеу алды.
«Бүгін мен infokazakhstan.kz сайты арқылы жұмысты қайта бастауға өтінімд сәтті жібердім. Енді санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің тексеруін күту қалды. Тексеру де тез өтеді деген ойдамыз. Бәрі оңай өтті».
Еске салсақ, электронды рұқсатты басып шығарып, нысандағы кіреберіске іліп қою керек.
Әзірлеушілер www.infokazakhstan.kz қызметін жетілдіру үстінде. Кәсіпкерлік қызмет түрлері жаңаруда, қазақ тілді нұсқасы іске қосылды.
Портал жұмысы бойынша бизнесмендерге кеңес беру үшін 1432 бірыңғай байланыс орталығы (қоңырау шалу тегін) жұмыс істейді. Сонымен қатар t.me/infokazakhstan телеграм-каналы іске қосылды, онда портал жұмысы және бизнес өкілдері үшін пайдалы ақпарат жарияланады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: