«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мобильді орталық қалыпты режимде жұмыс істеуге көшті

2020 жылғы 17 Тамыз
9460 просмотров

Елдегі пандемия жағдайында жұмыссыздарға онлайн қызмет көрсетіп, төтенше жағдай режимінде 539 азаматтың қызметке тұруына жәрдемдескен «Атамекен» қолдау орталығы» бүгіннен бастап қалыпты режимде жұмыс істейді.

Былтыр «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлесуімен ашылған жоба осы кезге дейін 220 мың жұмыс іздеушіге қызмет көрсеткен.

Орталық мамандары проактивті режимде де жұмыс істейді, яғни адамдарды орталықта қабылдап қана қоймай, үнемі халық арасына шығу, көпшілік шоғырланған жерлерді аралау, жұмыспен қамту мәселелері бойынша қолдау құралдарын ұсыну көзделген.

«Атамекен» қолдау орталығы» жұмыссыздық мәселесін болдырмау бағытында жұмыс істейді. Сонымен бірге, жұмыс берушілерге кадр тапшылығын сездірмеу басты миссиямыз. Қазіргі таңда, 2000 жұмыс берушімен байланыс орнатылған. Ал 40 000 азаматтың жеке қабілетін дамыту бағытында жұмыстар жасалған. Жоба басталғалы бері 7 354 азамат жүмыспен қамтылған. Қазір қызметкерлердің 50 пайызын жұмысқа шығардық. Азаматтарды әзірге кабинетте қабылдау мүмкіндігі ғана қарастырылып отыр. Бірақ жұмыс іздеушілер онлайн түрде де қызмет ала алады», - деді «Атамекен» ҰКП Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі департамент директоры А.Тоғызбаева.

Еске салайық, мобильді орталық әзірге Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Алматы және Жамбыл облыстарында ашылған. Еліміз бойынша бас-аяғы 30 мобильді орталық жұмыс істейді. Олар жұмыс іздеушінің құжаттарын қабылдау және сұқбат жүргізу, жеке қабілетті анықтау бағытында сұрақтарға жауап алу, алынған нәтиже бойынша азаматтарға қолайлы жұмыс ұсыну, ал лайықты жұмыс табылмаса, азаматтарға жаңа кәсіпті игеру жөнінде ұсыныс жасалады.

Осылайша олар қысқа мерзімді оқу курстарына жазыла алады («Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде), курстар кәсіпорындар базасында орналастырылған. Бұл оқыту шаралары 2 айдан 6 айға дейін жалғасады, тыңдаушыларға шәкіртақы және ары қарай жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, «Бастау-бизнес» бағдарлама аясында кәсіп ашудың қыр-сырын меңгере алады.

Қазақстандықтар мобильді орталық қызметін онлайн түрде де ала алады. Ол үшін инстаграм парақшалар мен көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарлама қалдыруға болады.

@rabota.atameken – Нұр-Сұлтан (+7 747 051 3885)

@rabota.atameken.shymkent – Шымкент (+7 747 144 0000)

@rabota.almaty.atameken – Алматы (+7 747 905 5105)


Еншілес ұйымдар

Серіктестер