Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласында біліктілікті көтерудің салалық оқу-әдістемелік кластерін ашты
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстандағы кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілікті көтеру және сертификаттаудың алғашқы Салалық оқу-әдістемелік кластерін Алматы қаласында ашты, деп хабалайды Palata.kz.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі мамандарды даярлаудағы төмен сапа, олардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі және біліктіліктің заманауи талаптарға сәйкес келмеуі болып қала береді. Осындай проблемаларды Қазақстанның Кәсіпкерлер палатасы Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев оқу орталығын аша отырып көрсетті.
Негізінде «колледж-жұмыс беруші» әлеуметтік серіктестік жүйесі жатқан бұл кластерлік жоба мамандардың нарық сұранысы мен талаптарына жауап беретін тиісті деңгейін алуға кепілдік беруге көмектеседі деген сенімде кластерді құрушылар.
«Жеке ТжКББ, жоғары білім беру жүйесін ғана емес, білім берудің бүкіл жүйесін толық модернизациялау мақсатында бизнес пен білім беруді шоғырландыру талап етілетіні анық. Осыған орай ҰКП белсенді оқыту тұрғысынан мектепке дейінгі білім беруге де, кәсіби бағдар беруге белсенді қатысу тұрғысынан орта білім беруге де жауапкершілікті ала отырып, қызмет аясын кеңейтті. Ерте жастан бастап-ақ оқушылар бойында мамандықтар, еңбек туралы түсінік қалыптастыру қажет. Ал ата-аналарда балалары мектепте оқуды аяқтаған соң өз жолын саналы түрде таңдау үшін, мектепте алған дағды-машықтарын, табиғат берген дарынын көрсете алатын салалар туралы түсінік болу керек»,- деп атап кетті Нұржан Әлтаев.
Алматыдағы алғашқы кластер Алматы полиграфия колледжінің базасында жұмыс жасайтынын және елдегі полиграфиялық және баспа өнеркәсібі үшін мамандар дайындай бастайтынын еске сала кетейік. Бұл – кәсіптік техникалық білім беруді дамыту бойынша Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы жобасының шеңберінде жасалып жатқан салалық кластерлер арасындағы «алғашқы қарлығаш».
Пікір қалдыру:
Пікірлер: