«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

www.infokazakhstan.kz порталы кәсіпкерлік қызметті жаңартуға көмектеседі

2020 жылғы 16 Тамыз
25508 просмотров

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты Үкімет Карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жұмсарту жоспарын бекітті, оған сәйкес 17 тамыздан бастап сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану нысандары, автосалондар, балалар білім беру мекемелерін қоса алғанда бірқатар бизнес нысандарына қойылған шектеулер алынып тасталады. 

ҚР Бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47 қаулысына сәйкес жұмысты бастауға рұқсат алу үшін кәсіпкерлік субъектілердің барлығына электронды цифрлық қолтаңба арқылы www.infokazakhstan.kz сайтынан тіркеуден өту қажет.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен іске қосылған бұл платформа кәсіпкерлерді кабинеттерді аралап, құжат жинаудан босатады.

InfoKazakhstan платформасына кірген бойда деректеріңіздің бір бөлігі (кәсіпорын атауы, БСН) автоматты түрде жүктелетіні маңызды, қалған формаларды толтыру небәрі 10-15 минут уақыт алады. 

Жұмысты бастауға рұқсат алудың тексерумен және тексерусіз екі түрі бар.  Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес бизнес түрлерінің басым бөлігі, шамамен 90 пайызы тексерусіз, хабарландыру тәртібінде іске қосылатыны маңызды, яғни мониторингтік топтың келуін күтпей-ақ жұмысты бастауға болады.

Мониторингтік топтың тексеруі сауда және ойын-сауық орталықтары, азық-түліктік сауда базарлары, азық-түліктік емес базарлар, балалар сауықтыру лагерлері сынды кәсіпкерлік түрлеріне қарастырылған.

Жұмысты тексерусіз, хабарландыру тәртібінде қайта бастауда ҚАРАПАЙЫМ ҮШ ҚАДАМ:

1-кадам. InfoKazakhstan сайтына кіріп, нысанды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеу.

 2-қадам. Бас санитарлық дәрігердің қаулысын жүктеп, кәсібіңізге қойылған санитарлық талаптармен танысып, оларды электронды цифрлық қолтаңбамен растау.

3-қадам. Жеке кабинетте және электронды поштада дайындық туралы актісін алып, жұмысты бастау.

 Тексерудің болмауы, жауапкершіліктен босатпайды. Қоғамдық бақылау, кез келген келуші бұзушылық туралы ақпаратты бақылаушы органға жібере алады.

Егер кәсібіңіз көпшілік жиналатын нысандар, балалармен тактильді қатынас жасалатын бизнес түріне жатса, онда жұмысты бастамас бұрын нысанды санитарлық талаптарға сай келуі бойынша тексеруден өту керек, яғни рұсат беру тәртібі қолданылады.  Бұл қажетті процедура деп санаймыз.

Рұқсат беру тәртібінде өтінім беру процедурасы қиын емес.

Атап айтқанда: 

1-қадам. InfoKazakhstan сайтына кіріп, нысанды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеп,  бас санитарлық дәрігер қаулысын жүктеп, кәсіп түріне қойылған талаптармен танысу қажет. Талаптармен  мұқият танысып, электронды цифрлық қолтаңбамен растау керек.  

2-қадам. Нысанды санитарлық талаптарға сәйкес дайындау. 

3-қадам. Мониторингтік топтың тексеруінен өту.

 4-қадам. Егер бәрі дұрыс болса, сайттағы жеке кабинеттен және электронды поштаға санитарлық нормаларға сәйкестік актісін – жұмысты қайта бастауға рұқсатты алып, жұмысты бастауға болады.

Электронды рұқсатты басып шығарып, соның ішінде мониторингтік топтың келуі жағдайына қарай рұқсаттың қағаз көшірмесін кіреберіске іліп қою керек.

Айырмашылық тексеруде ғана, егер өтінім берген соң нәтиже теріс шықса, онда тексеруді екінші рет өтуге болады!

Кәсіпкерлік қызметтің мүддесін қорғауда «Атамекен» ҰКП ілгерілемелі жұмысты жүргізуде: Үкімет және жергілікті атқарушы органдармен барлық деңгейде күнделікті келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бизнестің жұмысы эпидемиологиялық ахуалға әсер етуі күнделікті әрі апта сайын бағаланатын болады. Бізге індеттің өршуін болдыртпау аса маңызды. Бизнестің жауапкершілік танытуы аса маңызды.  

Оқыту бейнероликтер, жаднамалар әзірленді, «Атамекен» ҰКП және өңірлік палаталарының байланыс орталықтары базасында техникалық қолдау көрсету қызметі іске қосылған. Сіздерді  басқа да кәсіпкерлерді ақапараттандыруға шақырамыз.

Біздің – 1432 – бірыңғай байланыс орталығымыз күшейтілген режимде жұмыс істеуде! Бұл науқанның маңыздылығын ескере отырып, әр өңірде қолдау қызметі іске қосылған, кеңесшілер жұмыс істейді, олар телефон арқылы тіркеуден өтіп, қалай рұқсат алуға болатыны бойынша көмек көрсетеді. Сондай-ақ біз электронды цифрлық қолтаңбаны алуға көмектесеміз, бұл бағытта Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарындағы кеңесшілер көмек беруге дайын.

Санитарлық қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстану ғана ел ауқымында эмидемиологиялық қауіпсіздікті сақтауға үлес қосуға мүмкіндік береді.

Электронды платформаға сілтеме: www.infokazakhstan.kz

Платформаның телеграм-каналына сілтеме: https://t.me/infokazakhstan, @infokazakhstan 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер