«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы ауысты
2020 жылдың 14 тамызында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы жанындағы Өңдеу өнеркәсібі комитетінің кезектен тыс отырысы өтті. Онда Комитет Төрағасын қайта сайлау мәселесі көтерілді.
Осыған дейін комитет төрағалығында болған Бобров Владимир Яковлевич өз бастамасымен қызметті тоқтату бойынша шешім қабылдады.
«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов комитет төрағасы Владимир Бобров атқарған жұмысты жоғары бағалап, отандық кәсіпкерліктің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хат табыстады.
Бизнес-қоғамдастықтың өкілдері де Владимир Бобровқа өңдеу өнеркәсібі дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
Өңдеу өнеркәсібі комитетіне мүше, дауыс беруге құқығы бар салалық қауымдастықтардың жетекшілеріне Комитет төрағалығына кандидатты сайлау ұсынылды. Дауыс беру қорытындысы бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы болып бір ауыздан Рау Альберт Павлович сайланды.
Экономикалық ғылымдар докторы Альберт Рау ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып қызмет атқарады. Осыған дейін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары, ҚР Инвестициялар және даму министрілінің бірінші орынбасары қызметінде болды.
ІІ дәрежелі «Достық», ІІІ дәрежелі «Парасат» ордендері, ІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төс белгісі, І дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалі, «Еңбегі үшін» Германия крестімен марапатталған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: