«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ералы Тоғжанов: Санитарлық талаптарды ұстану бизнес үшін бірінші кезектегі мәселе болуы шарт

2020 жылғы 11 Тамыз
4862 просмотров

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғажанов бизнестің жұмысын жаңарту механизмін әзірлеу аясында кәсіпкерлік қызметтің бірқатар нысанына барды. Нысандар дайындығын тексеру кәсіпкерлік қызметті жаңарту жөніндегі алгоритмдерді бекіту алдында жүргізілді

 ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова, ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері және басқа да мүдделі құрылымдар өкілдерімен бірге Ералы Тоғжанов «Сапаржай» автовокзалы, «Артем» сауда орталығы, фитнес-клуб және қоғамдық тамақтану нысанын аралады. Сапар барысында осы нысандардың ашылуға дайындығы, сондай-ақ қызметті жаңартуға байланысты ағымдағы мәселелер талқыланды.

 «Сапаржай-Астана» автовокзалында тасымал кезінде санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, автобустарды жабдықтау, жолаушылардың хал-жағдайын тексеру мәселелері талқыланды. Санитарлық дәрігерлердің талаптары бойынша вокзал персоналы жеке қорғаныш құралдарын пайдалануы шарт. Премьер-Министрдің орынбасары түрлі ситуацияларды мысалға келтірді және елордалық вокзал басшылығынан жауаптар алды. Тасымалдау жиілігін талқылау бойынша шешім қабылданды, өйткені қазіргі жағдайда толыққанды жұмыс кестесіне көшудің тәуекелі жоғары.

 «Артем» сауда орталығына бару кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану, еден, қабырғалардың беткі қабатын дезинфекциялық құралдармен өңдеу, санитайзерлерді орнату бойынша осыған дейін енгізілген талаптарға қосымша Ералы Тоғжанов қызметті жаңарту жөніндегі алгоритмдерге кіреберісте тепловизорларды міндетті орнатуды енгізуді тапсырды. Әр бутикте де санитайзерлер орнатылып, бутик ішінде бір мезгілде келушілер саны екі адамнан аспауы керек.

 «Жалпы, сондай-ақ  әр бутик жалдаушының жеке жауапкершілігі бар. Бірінші кезекте бизнес иелерін жазалайтын болады, сондықтан олар барлық талаптардың сақталуына мүдделі болуы шарт. Оларға ескертіңіздер. Айыппұлдар көлемі жоғары», – деп атап өтті Вице-премьер.

 Күнделікті сыйымдылығы 120 адамға дейінгі фитнес-орталықты ашу үшін кіреберіс, санитарлық тораптар мен жаттығу залында ең кемі 13 санитайзер қойылуы керек. Осы ретте келушілер арасындағы қашықтық 5 метрді құрауы тиіс. Фитнес-орталықтың иесі Анастасия Егорованың айтуынша, нысан санитарлық қауіпсіздік шараларын ұстанумен қызметті қайта бастауға толығымен дайын: термометрия, қолды зарарсыздандырудан бөлек келушілерге бахилалар беріледі. Сондай-ақ қызметкерлердің дене қызуын тексеру бойынша нұсқаулық пен журнал жүргізіледі.

 Ералы Тоғжанов фитнес-клубтардың жұмыстарын тұрғындар денсаулығын нығайту үшін ішінара жаңартуға болатынын атап өтті. Осы ретте фитнес-орталықтар ішіндегі бассейндер жұмысын жаңарту мәселесі әзірге шешілмеді.

 «Фитнес-орталықтың бассейні озондау жүйесімен жабдықталған – суды ултракүлгін сәулелермен өңдеу арқылы бактериялар жойылады. Көптеген ірі бассейндер осындай жүйемен жабдықталған», – деді Анастасия Егорова.

Суды тазалау және зарарсыздандырудың мұндай жүйесі коронавирус инфекциясымен күресте тиімділігін зерттеуді Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне тапсырды, тиісті зерттеуден кейін бассейндерді ашуға қатысты шешім қабылданады.

 «Әр нысанда санитарлық қауіпсіздікке жауапты адам болуы қажет», – деп атап өтті Вице-премьер.

 ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова фитнес-клубтардың киім ауыстыру бөлмелерінде рецекуляторларды орнатуды ұсынды, бұл құралдар келушілер болса да бөлмелерді зарарсыздандыруға қабілетті.

 Елордалық бар желілері бірінің басқарушысы Кристина Греханованың айтуынша, жазғы алаңдар есебінен желінің небәрі 30% қызметкері жұмыс істеп жатыр, қалған жұмыскерлер шамамен 100 адам жұмыссыз қалған.

 «Сауда орталықтары жабық тұрғандықтан, онда жазғы алаңдары жоқ мейрамханаларымыз да жабық тұр, нәтижесінде шамамен 100 адам жұмыссыз қалып отыр. Біз барлық талаптарды қатаң ұстанып отырмыз. Қонақтар келеді, қолдарын зарарсыздандырамыз, дене қызуын өлшейміз, содан кейін ғана қызмет көрсетеміз. Ас бөлмесінде де барлығы қатаң, бактерияларға қарсы шамдарды қолданамыз. Жұмыскерлерімізге арнап күн сайын нұсқаулық өткізіп, денсаулық журналын жүргізіп, дене қызуын өлшейміз», – деді Кристина Греханова.

Осы ретте Елорданың рестораторлар клубының төрайымы Вероника Нұрпейісова мейрамханалар персоналды қорғаныш заттарымен, объектілерді – санитайзерлермен қамтатамасыз етуде айтарлықтай шығынданып жатқанын алға тартты. Мәселен, базарда 5 литр антиспетик 11-15 мың теңге тұрады. Бұған қоса азық-түлік өнімдері 40%-ға қымбаттаған.

 «Алайда клиенттерді жоғалтып алмау үшін бағаларды бұрынғы деңгейде ұстап тұруға мәжбүрміз. Іс жүзінде шығынға жұмыс істеудеміз. Сондықтан бізге зал ішінде де жұмыс істеуге рұқсат беруді сұраймыз», – деді кәсіпкер.

 Талқылау барысында жалпы сыйымдылығы 50 орынды құрайтын мейрамханалардан басқа барлық мейрамханалар жұмысын жаңарта алады деген шешім қабылданды, осы ретте қоғамдық тамақтану орындары бір мезгілде келушілер санын 30-дан асырмай, үстелдер арасында арақашықтықты ең кемі 2 метрде сақтау керек. Банкет және той өткізуге әлі де тыйым салынған.

«Кәсіпкерлердің ыңғайына қарай және бизнестің локдауннан шығуының ашықтығын қамтамасыз ету, адами фактордарды алып тастау мақсатында InfoKazakhstan электронды платформасын іске қостық. Платформа арқылы әр кәсіпкер қызметті жаңартуға өтініш бере алады. Біз бизнестің жауапкершілгі мен адалдығына үміт артамыз, сондықтан «Атамекен» ҰКП қоғамдық бақылаудың болуын құптайды. Нысандарды аралау қорытындысы бойынша бизнес өкілдеріне қосымша ұсынымдар жасалады. Біз түсіндіру жұмысын күшейтеміз – деді Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

«Санитарлық режимді ұстану  – бірінші кезектегі мәселе. Оны қызметкерлер де, келушілер де сақтауы керек», – деп қорытындылады кездесуді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер