«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына Қытаймен шекарада көлік кептелісін болдыртпау үшін келісімшарт жасау ұсынылды

2020 жылғы 11 Тамыз
3808 просмотров

«Атамекен» ҚР  Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан ҚХР-мен шекарадағы автомобиль өткізу пунктерінде жүк көліктерінің ұзын-сонар кептелісіне қатысты шағымдар келіп түсуде.

ҰКП Кедендік әкімшіліктендіру департаментінің сарапшысы Серік Мұсаевтың берген ақпараты бойынша, орын алған проблеманы жедел шешу қажеттілігін ескере отырып, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ақпараттандыру мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мемлекеттік кірістер комитетінен мемлекеттік органның Қазақстан-Қытай шекарасындағы барлық өткізу пунктерінің жұмысын тұрақтандыру бойынша қабылдаған шаралары, сондай-ақ импортталатын және экспортталатын тауарлардың үздіксіз қозғалысы үшін ҚХР-мен өткізу шекарадағы пункттерінің өткізу қабілетін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беруді сұрады.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жасалып жатқан жұмыс туралы келесі ақпарат берілді:

Пандемия жарияланғаннан бастап Қытай тарапынан шекарада санитарлық бақылауды күшейту бойынша шералар енгізілген. Бұл шара «Нұр Жолы» өткізу пунктінде жүк көліктерінің шоғырлануы мен Қазақстаннан Қытайға қарай жүк көліктерінің күнделікті 1800 бірлікке дейін кезекте тұрып қалуына әкеп соқты.

Кептеліс мәселесін шешу үшін бірқатар шара қолға алынды, соның ішінде Қытай тарапымен келіссөздер жүргізілді, нәтижесінде қабылданатын көлік саны күніне 20 бірліктен 100 бірлікке дейін артты.

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 қаулысымен осыған дейін уақытша жабылған «Көлжат», «Бақты», «Майқапшағай» автомобиль бекеттері ашылды. Ал ашылудан кейін осы бекеттерден тауарларды тасымалдау жүргізілмеді, өйткені ҰХР тарапынан шекара жабық тұр.

Үкімет деңгейінде ҚХР-мен шекарадағы өткізу пунктерінің көлік өткізу қабілетін арттыру бойынша іс-шаралар жоспары қабылданды, аталған жоспар қытай жеткізушілерінің  шекара маңындағы көлік-логистикалық орталықтарына кіруін және тауарларды түсіру мүмкіндігін қарастырады. Қытай жүргізушілері енді Қазақстан шекарасындағы өткізу пункті аумағына  визасыз режим арқылы 24 сағатқа кіруге мүмкіндік алды.

Аталған шара Қытай тарапына жүк көліктердің басым бөлігінің кіруі қажеттілігін алып тастап, сәйкесінше,  «Нұр Жолы» бекетіндегі кептелісті азайтады.

Бұнымен қоса Қытайға өнімді жеткізуші – отандық экспорттаушыларға «жасыл дәліз» құрылған. Олардың тауарын өткізу кезектен тыс іске асыралады.

Шекарада көлік кептелісін барынша төмендетуге мүмкін болатын барлық шаралар қабылданған, соның ішінде Үкіметтік деңгейде Қытайдың Мемлекеттік кеңесіне Қытаймен тауар айналымды арттыру бойынша ұсыныс жіберілді.

Осы ретте коронавирустық инфекциясының өршуіне байланысты 20 шілдеден бастап Шыңшаң-Ұйғыр автономды ауданда Қытай тарапы Қазақстан тарапынан көлік құралдарын қабылдауды күніне 10 бірлікке дейін қысқартты.

Ағымдағы жылдың 22 шілдесінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің шекара өкілдерінің кездесуінде қол жеткізген келісіміне сәйкес 25 шілдеден бастап қытайлық тарап өткізу қабілеттілікті арттыру мақсатында жүк көліктерінің кіруі және шығуына сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақытымен) көліктерді өткізетін болады, сонымен қатар ҚХР-дан Қазақстан Республикасына экспорттау үшін  қазақстандық көлік құралдары тартылатын болады.

Бірінші кезекте шекарадан экспорттық тауарлар және Қытайға тауар алуға бағытталған, қоылнда тасымадауға рұқсат беретін келісмшарттары бар тасымалдаушылар өтеді.

30 шілдеде Қытайдың Шыңшаң-Ұйғыр автомно мды ауданының халық Үкіметімен келіссөздер жүргізілді.

Аталған кездесуде бақылау-өткізу пункттерінде індетті алдын-алу және бақылаудың бірлескен механизмі талқыланды, тараптар пандемиямен күрес шаралары бойынша, сондай-ақ өткізу пунктерінде тауарларды кедендік тазалау туралы ақпаратпен алмасты.

Бұдан бөлек, қазақстандық тарап эпидемилогияға қарсы талаптарды қатаң ұстану және физикалық байланыстырдың болмауы шартында тауарларды қайта жүктеу моделін таныстырды. Сонымен қатар аталған кездесу барысында тараптар коронавирустық инфекцияға қарсы тұру және шекарада санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы ақпарат алмасты.

Қазіргі таңда ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша Қазақстан смартфондарда (электронды кезек) арнайы мобильді қосымшалар көмегімен шекарадағы кезекті реттеуді енгізуді әзірлеп жатыр.          

ҚР Сыртқы істер министрлігіне Қытай тарапымен «Көлжат», «Бақты», «Майқапшағай» өткізу пунктерінің қытай жағын ашуға қатысты жұмысты жүргізу тапсырылды.

Экспорт-импорттық операцияларды енгізуде логистикамен байланысты мүмкін болатын тәуекелдерді ескере отырып, ұлттық палата сыртқы экономикалық қыметке қатысушылардың назарын тауарларды өткізу және келісімшарттар жасау мәселелерін ҚХР контрагенттерімен алдын-ала пысықтау қажеттігіне аударады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер