«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жақсылық жаршысы» марафоны Қызылордада

2020 жылғы 10 Тамыз
- Қызылорда облысы
5461 просмотров

Қызылордалық кәсіпкерлер батыс қазақстандық әріптестерінен #жақсылықжаршысы эстафетасын қабылдап алып, жалғастырып әкетті.

Естеріңізде болса, шілде айында «Менің Атамекенім» қоғамдық қоры «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен республикалық #жақсылықжаршысы акциясын бастаған болатын. Аталмыш ақцияны бүгінде барлық өңірдегі кәсіпкерлер қолдап, үлестерін қосуда.

Бүгін қызылордалық кәсіпкерлер ақция аясында 100 отбасына азық-түлік қоржынын жасақтап, еріктілер, авто еріктілер оларды мұқтаж отбасыларына таратты.

«Акцияға қатысты ұсынысымызға өңір кәсіпкерлері қолдау білдірді. Аз ғана уақыттың ішінде 1 млн.теңгеден астам қаржы жиналып, 100 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Қазір карантин. Осыған байланысты күндік табыспен ғана отырған кей отбасылар үшін бұл қолдау маңызды деп санаймыз және көмек қолын созып отырған аймақтың бизнес өкілдеріне алғысымызды білдіреміз», - дейді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов.

Пірмұхаммед Сыздықов көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін арнайы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алдырғандарын, тізімде көпбалалы жанұялар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған немесе ата-анасының бірі мүмкіндігі шектеулі отбасылар, жалғызбасты қарттар, бірнеше баланы жалғыз тәрбиелеп отырған аналар бар екендігін жеткізді.

Азық-түлік қоржынында қант, май, шәй, сүт, макарон өнімдері, картошка, жуа, сәбіз, конфет-печенье бар.

#жақсылықжаршысы марафоны аясында қаржылай қолдау көрсеткен кәсіпкерлер:

- «Dalatex» ЖШС директоры Ділмұхамед Абызов;

- «Ансар М» ЖШС директоры Манат Алмашева;

- «Нурлен» ЖШС басқарма төрағасы Қайрат Боранбаев;

- «Абзал және К» ТС директоры Мағжан Ерәлиев;

- «Мансап» ЖШС тең құрылтайшысы Наталья Мишукова;

- «Ысамаддин» ШҚ басшысы Жанарбек Нұрымбетов;

- «Аспан групп» ЖК басшысы Болат Нұрхожаев;

- «Раим» ЖШС құрылтайшысы Ерлан Раимов.

Сонымен бірге, «ПромКомерц КА» ЖК басшысы Аида Керімқұлова 1000 маскамен (әр отбасына 10 маскадан) қамтамасыз етсе, «Данчо» әлеуметтік дүкендер желісі азық-түлікті жинауға арналған қоймасын тегін ұсынып, қолдады.

 #жақсылықжаршысы марафонының эстафетасын Қызылорда облысының кәсіпкерлері ақтөбелік әріптестеріне жолдады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер