«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өңірлік кеңестерге кандидаттарға дауыс беру процедурасы ашық және қарапайым

2020 жылғы 07 Тамыз
3729 просмотров

Биыл Кәсіпкерлер палаталары өңірлік кеңестеріне кандидаттарды сайлау vote.atameken.kz бірыңғай интернет-порталында онлайн форматында өтіп  жатыр.  1 БСН/ЖСН – 1 дауысқа тең.

Яғни әркім өзіне ұнаған кандидатқа 1 рет дауыс бере алады. Кандидаттар, олардың жеке деректері мен сайлау алды бағдарламаларымен vote.atameken.kz сайтынан танысуға болады.

Кім дауыс бере алады? Әр кәсіпкерлік субъектісі бірінші жетекші атынан немесе сенімхат негізінде бір кандидатқа – кәсіпкерлік субъектісі өкіліне дауыс бере алады. Дауыс беруге сәйкес өңір аумағында тіркелген кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

Кандидатқа дауыс берудің 2 әдісі бар.

1-әдіс.

SMS-хабарлама арқылы.

Сайтта ұйымның БСН/ЖСН нөмірін, дауыс берушінің байланыс нөмірін көрсетіп, ары қарай алынған SMS-кодты енгізу қажет.

2-әдіс.

Электронды цифрлық қолтаңба арқылы.

Электронды цифрлық қолтаңба арқылы дауыс беру үшін ұйымның кілтін таңдау жеткілікті. Дауыс беру компьютер немесе смартфон арқылы қолжетімді әрі уақыт жағынан небәрі 2 минутты алады. Әр кандидат дауыс беру процесін өзінің жеке кабинетінен бақылай алады, әрі оған дауыс берген бизнес-қоғамдастық өкілдері санын көре алады.

Құжаттарын офлайн тапсырған кандидаттар дауыс беру барысын комиссия хатшысынан мәліметтерді сұратып, бақылай алады.

Жоғарыда айтылған шараларға қарай дауыс беру процедурасының ашық әрі қарапайым жүргізілетінін, бөтен адамдардың араласуына жол берілмейтінін байқауға болады. 

Қазіргі уақытта 68000  отандық кәсіпкер дауыс беріп үлгерген.

11 тамызға дейін ұнаған кандидатқа дауыс беруге уақыт бар. Осы сайлауда өңіріңіздің өкілдерін қолдаңыз! Өз таңдауыңызды жасаңыз!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер