«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Логистика және тасымалдау саласы кәсіпкерлер үшін өзекті мәселелерге айналды

2020 жылғы 07 Тамыз
4503 просмотров

Бизнес мәселелерін жүйелей және шешу мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП 2014 жылдан бастап «Кәсіпкерлер мәселелерінің тізілімі» бірегей жобасын іске асырып келеді.

Бұл әр кәсіпкер кәсіп жүргізуде орын алған қиындықтар туралы хабарламаны жариялай алатын платформа. Сонымен қатар тізілімде Өңірлік палаталар және ҰКП Орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары тіркеледі.

Бизнестің анықталған барлық мәселелері ашық қолданыста atameken.kz/kk/registers тіркеледі, онда өтінімді қарау барысын бақылауға болады. Ашық жариялым ҰКП-ғаосындай өтініштердің қайталанып келуін болдырмауға мүмкіндік береді.

Егер проблема кәсіпкерлердің шектелмеген санына зиян келтіруге жағдай жасаса, соның ішінде сыбайлас жемқорлық бұзушылық орындауға итермелесе, заңнамалық сипатта шара қолдануды әрі мемлекеттік қолдауды талап етсе, онда бұл мәселелер республикалық тізілімге енгізіледі.

Өңірлік кәсіпкерлер палаталары Мәселелердің республикалық тізіліміне ұқсас өздерінің өңірлік тізілімдерін жүргізеді. Оған шешім жолдарына жергілікті органдардың құзыреті жететін мәселелер енеді.

ҰКП бастамасымен тұрақты негізде мемлекеттік органдар, бизнес субъектілері және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесулер өтеді. Мәселелердің бір бөлігі Бас прокуратурамен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен ынтымақтастықты жүзеге асырудың Жол карталарында белгіленген.Проблемалар Премьер-Министр Кеңсесінің тапсырмасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп шешілуде.

Бизнес мәселелерін шешудегі оң серпін айқын. ҰКП құрылған жылдан бастап отандық бизнес мәселелерінің басым бөлігі  шешімін тапты. Осылайша, бүгінде Тізілімде қызмет етудің 45 түрі бойынша 632 мәселе жинақталған, соның ішінде 514 немесе 81%-ы шешімін тапты.

Осыған дейін мәселелердің топ-10 іріктемесін жинақтадық  олар бойынша мәселелер 2019 жылы көптеп түсті, нәтижесінде бұл проблемалар шешілді.

Биыл келесі мәселелер бойынша оң шешім бар:

-агроөнеркәсіптік кешенде шарт жасасудың анағұрлым ыңғайлы түрлерін жасау, сақтандыру сыйақыларын төлеу, тарифтерді төмендету және сақтандыру қызметтерінің тізімін ұлғайту арқылы өсімдік өнімін сақтандыруды қайта қарау;

-газды тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға (ШОБ) жеткізуге аванстық төлемдерді алып тастау;

-ҚР Жер кодексінің 62-бабына өзгерістер енгізу, атап айтқанда Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына ұқсас жер учаскесін бөлуге келісімі қажет кондоминиум қатысушыларының санын үштен екі бөлікке дейін азайту (4-баптың 3-тармағы).

-жолаушылар мен багажды автокөлікпен тұрақты тасымалдаумен айналысатын бизнес субъектілерін ҚҚС-тан босату бойынша норманы 3 жылға енгізу;

-кірме жолдарды ұсынудың реттелмелі қызметіне тарифтерді (баға, ставка, алым) есептеу әдістемесін қайта қарау;

-шынжыр табан тракторларына көлік салығын салу алынып тасталды.

Өкіншіке қарай, тізілімге енген бірқатар сұрақтар алдынғы жылдардан бері шешім таппай келеді, соның ішінде:

-ҰКП қарауында 33 түйткілді мәселе бар;

-55 мәселе бойынша ҰКП ұсыныстары мемлекеттік органарымен қаралуда;

-17 мәселе бойынша мемлекеттік органдар мақұлдап, олардың шешімен қатысты жұмыс жүріп жатыр;

-13 мәселе бойынша ҰКП ұсыныстарын мемлекеттік органдар қарастырудан бас тартты, шешімнің баламалары жолдары іздестірілуде.

 Талдауға сәйкес кәсіпкерлердің көптеген мәселелері логистика және көлік саласындағы қызметке байланысты. Бұдан әрі рейтингте құрылыс, сатып алу, медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіп, білім беру, агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы, табиғи монополиялар және лицензиялау рәсімдері мәселелері бар.

Айта кету керек, аталған жобаны іске асыру «жалпы жағдайды» тұрақты мониторингілеуге, бизнестегі бар проблемалар мен кедергілер туралы және жалпы кәсіпкерліктің жай-күйі туралы ақпарат алуға мүмкіндік берді.  Осы ақпарат негізінде кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін шешу бойынша шаралар кешенін қажет ететін салалар анықталады.

Пандемияның қиын кезеңінде бизнеске әкімшілік кедергілерді азайту өте маңызды.

Кәсіпкерлік қызметте мәселе орын алса, кез келген кәсіпкер Ұлттық кәсіпкерлер палатасына немесе өңірлік палаталарға, сондай-ақ омбудсменнің кеңсесіне жүгіне алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер