Инспекциялық-байқау кешендердің істен шығуы салдарынан кедендік бақылаудағы әуре-сарсаң – кәсіпкерлер шағымдануда
Ұлттық палатаға импорттаушылар қазақстандық кеденшілердің тексеруіне шағым түсіріп жатыр.
Олар шетелден келетін тауар толған контейнерлерді тексеруден өткізу үшін тәуліктер бойы күтуге мәжбүр. Осыған дейін кеденде шекарада өткізу пунктерінде орналасқан инспекциялық-байқау кешендері (ИБК) іске қосылған болатын.
Инспекциялық-байқау кешендері әуежайдағы жолаушылардың багаждарын тексеру секілді теміржол вагондарын, контейнерлер мен автомобиль көлігін рентген сәулелерімен тексеретін. Мәселен, техникалық стационарлы ИБК сағатына 20-ға жуық жүк көлігін, яғни тәулігіне шамамен 500 контейнерді тексере алады.
Инспекциялық-байқау кешендерінен алынатын рентген пленкалар – өткізу пунктінен алынған бағдарламалық файлдар, олар онлайн режимінде Мемлекеттік кірістер комитеті жанындағы Ситуациялық орталыққа тексеруге жіберіледі, сондай-ақ жүкпен жөнілтілетін құжаттармен қоса беріледі.
Инспекциялық-байқау кешені арқылы жүк сканерленбесе, онда жүкті жүк көлігінен толығымен түсіріп, «қолмен» тексеруге тура келеді. Бұл көп уақыт алатын процедура.
Қазақстандық өткізу пункттері қажетті ИБК-мен толық қамтамасыз етілген, оларды сатып алу және сервистік қызмет көрсету үшін мемлекеттік бюджеттен айтарлықтай қаражат жұмсалады. Мәселен, ҚР Парлементі 2019 жылы Қазақстан Республикасы мен ҚХР үкіметтері арасындағы 9 бақылау-өткізу пунктін қайта құру үшін 20 жылға мерзімге Қазақстанға 2 миллиард юань (шамамен 300 млн АҚШ доллары, бір доллар үшін 379 теңге мөлшерінде) жеңілдетілген несие беру туралы негіздемелік келісімді ратификациялауды мақұлдады.
Соның ішінде Қытай шекарасында орналасқан «Достық» бекетіндегі инспекциялық-байқау кешенін ауыстыру жоспарланған, ондағы еске тексеру бекеті 16 жыл бойы жұмыс істеген, соның салдарынан қатты тозығы жетіп, жөндеу жұмыстарына шығын көбейді.
Алайда шекарада инспекциялық-байқау кешендері жұмыс істемейді, барлық жүк елге әкелінген соң толық кедендік тексеруден өтетіні жайында шағымдар өсіп жатыр.
Осы ретте, көбінесе бұл тексерулер кеден үшін ешқандай нәтиже бермейді – тауарлар, олардың саны мен сипаттамалары туралы барлық мәліметтер ашылған контейнерлердің сипаттамаларына толығымен сәйкес келеді
Ал бизнес өкілдері шығынға батуда – бұл жүкті уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтауға төлем жасауға қосымша шығындар, онда да кеден қызметі тексеру жүргізеді, ары қарай жүк тиеу, түсіру жұмыстарына төлемдер, бұған қоса уақыт кетеді. Осы процедуралардың бәріне тағы 7 күндей жұмсалады, осы уақыт ішінде тауарды өткізуге болар еді.
Сәйкесінше қосымша шығындар импорттық тауардың құнына әсер етеді, оны түбінде қарапайым сатып алушы-тұтынушы төлейді.
Инспекциялық-байқау кешендері жұмысындағы ақаулар және жүргізіліп жатқан тексерулердің төмендігіне қарамастан тексеру бекеттерін жетекшілік ететін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті бұл проблемаларды қозғамайды. Тіпті Қытай тарапынан қарыз алу туралы ақпаратты да Комитет ешқайда таратқан жоқ.
Мысалы, келіп түскен шағымдарды назарға ала отырып, Ұлттық палата Маңғыстау облысындағы «Құрық» (теңіз арқылы) және Түркістан облысындағы «Сарыағаш» (теміржол) өткізу пункттерінде жұмыс істемейтін ИБК-ға қатысты мәселе бойынша Комитетке екі рет өтінім жасады.
«Атамекен» ҰКП Кедендік әкімшіліктендіру департаментінің өкілі Төлеген Нұрбаев:
«Өзінің алғашқы жауабында Мемлекеттік кірістер комитеті «Сарыағаш» бекетіндегі ИБК штатты режимде жұмыс істеп жатқанын алға тартты, ал екінші жауабында техникалық қызмет көрсету компаниясы 4 тамызға дейін инспекциялық-байқау кешеніне профилактикалық жұмыстарды бастағанын хабарлады. «Құрық» бекетіндегі ИБК бойынша жауапта істен шыққан инспекциялық-байқау кешеніне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жақын арада аяқталатыны айтылды. Екінші жауап нақтырақ болды: Қазіргі таңда кондициялау жүйесі қондырылды, ИБК жұмыс істеуін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, жұмысты аяқтау 07.08.2020 жылға белгіленген». Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында контейнерлік транзиттік пойыздарға кедендік тексеру алынып тасталды, ал импорт кезінде – межелі станцияда тексеру жүзеге асырылады. Яғни сыртқы тауар айналымды жеделдету үшін шекарадағы жүктер ИБК-дан өтпейді, жүкті жеткізудің меделі бекетінде тексеріледі. Бәрі жақсы секілді, және аталған шара ел экономикасының қалпына келуіне көмек беруі тиіс. Алайда, аталған шараны іске асыру межелі кеден органдарына тексеруге кезектер болмаған жағдайда ғана мүмкін болады».
Осы ретте облыстық мемлекеттік кірістер департаменттері кедендік тексерулерді өткізу үшін инспекторлардың жеткіліксіз санын бөледі. Импорттаушылар жүктерін тексеруден өткізу үшін кезекке тұруға мәжбүр. Осылайша Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде тексерумен 1 ғана маман айналысады. Осыған байланысты демалыс және мереке күндерін қоспағанда, кәсіпкерлер 2-3 жұмыс күнін тексеруге кезек күтуі керек. Орташа есеппен бизнестің қосымша шығындар сомасы 1 контейнерге шамамен 200 мың теңге құрайды. Кеден оларға толық тексеру жүргізеді және ешқандай олқылық таппайды. Осы ретте бизнес уақыт пен қаражатын шығындауға мәжбүр.
Ұлттық палатаның пікірінше ҚР кедендік органдар келесі шараларды орындауға міндетті:
- шекарада жүктерді ИБК арқылы үздіксіз тексеруді қамтамасыз ету;
- ИБК-ға жөндеу жүргізілген жағдайда – жұмысты аяқтау бойынша шұғыл шаралар қабылдау және сыртқы сауда қатысушыларына нақты іске қосу күндері туралы хабарлау;
- кеден бекеттерінде тауарларды тексеруде кезекті болдыртпау, тексеруге қажетті көлемде инспекторларды бөлу.
Бұл импорттаушылардың тауарларды уақытша сақтау қоймаларында, көлік құралдарын түсіру және тиеу кезінде қаржылық шығындарын азайтады, бұл коронавирустық пандемия кезінде халық үшін қажетті тауарлардың бөлшек сауда бағасының төмендеуіне ықпал етеді.
Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік тексеру процесін жасанды түрде кідіртетін фактілерді болдырмау қажеттілігі туралы өңірлік мемлекеттік кірістер органдарына тиісті нұсқау жіберілді, сондай-ақ кеден бекеттері мен кедендік ресімдеу орталықтары базасында кедендік тексеруді жүргізу үшін кезектерді автоматты түрде бөлудің орталықтандырылған жүйесін құру туралы мәселені пысықтауды тапсырылғанын хабарлады.
Егер кедендік тексерулерде әуре-сарсаң жалғаса беретін болса, «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерге шағымдармен 1432 байланыс орталығына хабарласуды сұрайды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: