Сайлаудың алғашқы күнінде Кәсіпкерлер палаталары Өңірлік кеңесіне кандидаттарға бизнестің 25 мыңнан астам өкілі дауыс берді
Сайлау науқанында Шымкент қаласы бизнес-қоғамдастығының белсенділігі жоғары (дауыс бергендер саны 4171 адам), екінші Қарағанды облысы (3238 адам), үштікті Нұр-Сұлтан қаласы аяқтап тұр (2513 адам).
Қазақстан бойынша жұмыс істейтін 1,3 млн бизнес субъектісі тіркелген, олардың әрқайсысында өңірлік кеңестерге кандидаттарды сайлауға қатысуға мүмкіндік бар.
Ел ауқымында кандидаттардан «Атамекен» ҚР ҰКП талаптарына сәйкес келетін барлығы 1048 өтініш мақұлданды. Соның ішінде бір орынға байқау деңгейі Батыс Қазақстан облысы бизнес-қоғамдастығында жоғары – 135 өтінім, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы (106) және Шығыс Қазақстан облысы (102) белсенді.
Республика бойынша өңірлік кеңестерге бизнес-қоғамдастықтың 465 өкілі өтеді.
Кандидаттарға vote.atameken.kz сайты арқылы онлайн дауыс беруге болады. Әр кәсіпкер, қауымдастық немесе өзін-өзі реттейтін ұйым СМС немесе электронды цифрлық қолтаңба арқылы 1 кандидатқа дауыс бере алады. Дауыс берудің бүкіл процесі небәрі 2 минут уақыт алады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: