«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

5 тамызда Кәсіпкерлер палаталары жанындағы Өңірлік кеңестерге онлайн-дауыс беру басталады 

2020 жылғы 04 Тамыз
6339 просмотров

Онлайн форматта дауыст vote.atameken.kz сайты арқылы беруге болады. Кандидаттар үгіт-насихат кампаниясын жалғастыра алады.

Кандидатқа сәйкес өңірде тіркелген кәсіпкерлік субъектілері дауыс беруге құқылы. Дауыс берудің тура осындай процедурасы қауымдастықтар мен өзін-өзі реттейтін ұйымдарға да қарастырылған. Әркім жетекшінің атынан немесе сенімхат арқылы бір кандидатқа дауыс бере алады. Өңірлік кеңестерге барлығы бизнес-қоғамдастықтан 456 өкіл өтеді. 

Кәсіпкерлер палаталары жанындағы Өңірлік кеңестер мүшелігіне сайлауға қатысуға өтініш берген 1168 кандидат ішінен 1048 өтінім мақұлданды. Бұл Ұлттық палатаның талаптарына сәйкес келген және қажетті құжаттардың толық топтамасын өткізген кандидаттар. Осылайша бір орынға байқау орташа есеппен  2-3 адамды құрайды.  

Еске салсақ, өңірлік кеңес мүшелігіне үміткердің ең жасы – 21 жаста, үлкені – 73 жастағы азамат. Кандидаттардың орташа жасы – 43 жас. Кандидаттар саны ауыл шаруашылығы саласынан басым – 221 өтінім (18%), сауда – 180 өтінім (15%), өңдеу өнеркәсібі  – 163 кандитат (14%). Ұйымдастырушылық-құқықтық формалары бойынша ЖШС өкілдері – 538 кандидат, жеке кәсіпкерлік – 367 кандидат, жеке тұлға (құрылтайшылар) – 126 кандидат. 
Барлық кандидаттарға сайлауда сәттілк тілейміз!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер