«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістандық дәріхана иелері неге алаңдаулы?

2020 жылғы 04 Тамыз
- Түркістан облысы
6464 просмотров

Бүгінгі таңда нарықтан арзан бағадағы дәрілік препараттар жоғалып, орнына орнын алмастыратын құны жоғары, препараттар келуде. Дәрілік заттың бөлшек және көтерме саудада өткізудің шекті бағалары Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі «Дәрілік заттардың бағаларын реттеу ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкестендіріліп жасалмауы дәріханаларды қиын жағдайға қалдырып отыр.

Бұл туралы бүгін, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының қатысуымен өткен Түркістан облысының «Даму» фармацевтикалық және медициналық ұйымдары қауымдастығының директоры Хадиша Альжанова фармацевтика саласында шешімін таппай келе жатқан мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында айтып өтті.

Оның айтуынша, дәріханалар қолданыстағы баға белгілеуге алаңдаулы, онда дәрілерге шекті бағалар 2015 жылдан бері өзгермеген. 2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрі көтерме және бөлшек саудада сатылатын дәрілік заттардың фирмалық атауларының шекті бағаларын бекіту тәртібіне өзгерістер енгізілді. Жаңа бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмектің 329 аталымы нөлдік баға көтермелеуді алған, ал 45 аталым небәрі 5%-ға баға көтермесін алды. Тағы 54 препараттың бағасын көтеру оларға белгіленген шекті бағадан төмен мөлшерде бекітілген. Дәріханалық ұйымдардың дәрілер қалдығын ескі бағада сата алу, алмауы әлі анық емес.

Хадиша Дербісқызы «Даму» фармацевтикалық ұйымдары қауымдастығы дәрілік заттарды бөлшек және көтерме саудада сатудың проблемаларын 2019 жылдан бері көтеріп, Денсаулық сақтау министрлігіне бірнеше рет, өзінің аталған норманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын жолдап келгенін, нәтижесінде қауымдастықтың ұсыныстары ескерілмегендігін айтып алаңдаулы.

Сонымен қатар, Бұйрыққа енгізілген дәрілік заттардың тізілімінен Қазақстан Республикасында тіркелмеген, бірақ елімізге алынып келінетін, пневмония мен COVIT-19 және күрделі респираторлық ауруларды емдеуге қажетті дәрілік препараттар алынып тасталған.

«Баға бекітудегі ағымдағы жағдай дәріханалардың жаппай жабылуына әкеп соғуы мүмкін. Себебі нарықтан арзан препараттар кетсе, олардың орнына қымбат бағада олардың аналогтары келетін болады. Қазір көптеген дәріханалар қолжетімді бағадағы сұранысқа ие дәрі-дәрмексіз қалуда. Салдарынан халықтың қарғыс сөздеріне қалуда. Біз нормативтік құжаттардың пандемия жағдайында бизнестің құқығы тапталмайтындай бұйрықтармен толықтырылып, ұсыныстарымыз ескерілсе дейміз»,-дейді Хадиша Дербісқызы.

Өз кезегінде, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Қауымдастықтың ұсыныстарын толық қолдауда.

«Қазір бұл мәселе біздің облыста ғана емес, еліміздің барлық өңірлеріндегі дәріхана бизнесі саласындағы кәсіпкерлерімізді алаңдатып отырған жағдай. «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен аталған сұрақ Денсаулық сақтау министрлігінің алдында бірнеше рет көтеріліп, Палата фармацевтика саласының проблемаларын шешу жолдарын қарастыруда. Бүгінгі медицина және фарм ұйымдары қауымдастығының берген ұсыныстарының толық кестесі Ұлттық Палатаға және Денсаулық сақтау министрлігіне ресми түрде жолданатын болады»,-деп атап өтті Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жомарт Махмұт.

Әр күн – адамдардың өмірі мен денсаулығын шешеді. Сондықтан бірреттік әкелім бойынша дәрілерге баға белгілеу мәселесі– тез арада шешілуі тиіс өзекті мәселелер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер