«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер палаталары жанындағы Өңірлік кеңестерге кандидаттардың үгіт-насихат кампаниясы басталады

2020 жылғы 25 Шілде
3517 просмотров

Кандидаттарға БАҚ арқылы, кездесулер және үгіт-насихат құралдары арқылы аудиторияға өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстыруға он күн уақыт беріледі. 

Ел ауқымында кандидаттардан  Ұлттық палата талаптарына сәйкес келетін 1048 өтінім мақұлданды. Соның ішінде бір орынға бәсекелестік Батыс Қазақстан облысында жоғары, онда 135 өтінім берілді, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы (106) және Шығыс Қазақстан облысында (102) жоғары. Өңірлік кеңестерге республика бойынша бизнес-қоғамдастықтан барлығы 456 өкіл өтеді. 
Үгіт-насихат кампаниясынан кейін vote.atameken.kz сайтында кандидаттарға онлайн-дауыс беру басталады. Әр кәсіпкер, қауымдастық немесе өзін-өзі басқаратын ұйым SMS-хабарлама немесе электронды цифрлық қолтаңба арқылы 1 кандидатқа дауыс бере алады. Дауыс беру процесі небәрі екі минуттай уақыт алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер