«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: елдегі бизнес-ахуал көп жағдайда Алматы кәсіпкерлігінің дамуына байланысты

2014 жылғы 17 Сәуір
8937 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Өңірлік кеңес отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстанның іскерлік ортасында Алматы кәсіпкерлігінің алатын орнын атап өтті. 

«Қаржы жүйесі, орта және шағын бизнес саласында Алматы көшбасшы ретіндегі рөлін сақтауда. Елдегі бизнес-ахуал көп жағдайда  Алматы кәсіпкерлігінің дамуына байланысты. Біздің міндетіміз  кәсіпкерлер өз күшіне сеніп, мемлекеттің кешенді қорғауына жүгінуіне мүмкіндік беретін ертеңгі күнге деген сенімін бекіту», - деді Тимур Құлыбаев. 

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бірқатар тапсырмалары, атап айтқанда кәсіпкерлікті қолжетімді қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша тапсырмалары отандық бизнес-қоғамдастыққа қолдау танытқан елеулі факторлардың біріне айналды. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүйеге қаражат түсіп те үлгерді. Ендігі жерде осы ақшаны экономикаға қосу үшін, бюрократияны жеңіп, кәсіпкерлерді қолдау қажет. Бұл басты әрі бірінші кезектегі міндет», - деді ҰКП Төралқа Төрағасы. 

Тимур Құлыбаев отырыста сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысының ШОБ тексеруге мораторий жариялау туралы жарлығы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сындарлы жұмысының нәтижесі екенін атап өтті. Үстіміздегі жылдың 1 маусымға дейін жобасы әзірленетін капиталға рақымшылық жасау туралы заң бизнес үшін маңызды құжаттардың бірі болмақ. Аталған науқан жалпыға ортақ декларациялау енгізілгенге дейін, яғни 2017 жылға дейін әрекет етуге тиіс.

«Бүгінгі күні Ұлттық кәсіпкерлер палатасын Үкіметтің толық құқылы әріптесі деп айтуға болады. Президенттің елдегі кәсіпкерлікті дамытуға, бизнес-ахуалды жақсартуға бағытталған барлық тапсырмаларын жүзеге асыратын боламыз», - деп баса айтты Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер