Эльдар Жұмағазиев: сауда нысандары мен дәріханалардың жұмыс уақытын ұзарту қажет
Мұндай пікірді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев өзінің фейсбук парақшасында айтты
«Күнделікті супермаркеттерде, дәріханаларда, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банктер мен басқа де мекемелерде ұзын-сонар кезекті көріп жүрміз. Мәселен, бөлшек саудадағы кәсіпкерлер сағат 12:00-ге дейін қажетті тауарларды сатып алуға ілгеру үшін азық-түлік базарларын шабуылдайды. Онда әлеуметтік қашықтықты сақтауды ешкім ойламайды да. Демек, бүгінде бұл коронавирустың таралуына ең «қолайлы» орындар».
Мемлекеттік органдардың тарапынан аса маңызды нысандардың қызметін уақыт жағынан шектеу кері әсерге әкелді – көпшілік жиналып, әлеуметтік ара қашықтық бұзылды – деп санайды Эльдар Жұмағазиев.
Дүкендердің жұмыс уақытының қысқаруы сатып алушылардың шоғырлануына әкеп соқты, бұл уақыт көпшіліктің жұмыс кестесімен тұспа-тұс келіп жатады. Дәріханалар, банктер, супермаркеттерде сағат 13:00-ден 14:00 аралығанда және жұмыс күнінің соңында халық қарасы қалың.
«Дүкендер, дәріханалар мен супермаркеттердің жұмысын кересінше 24/7 режиміне ұзарту қисынды болар еді. Сонда ғана қазақстандықтар қажетті дүниесін сатып алуға үлгермеймін деп алаңдамай, уақытын жоспарлап, кезектер орын алмас еді. Ал супермаркеттерге қарағанда үй алдындағы дүкендердің форматы мүлде басқа. Адамдар мұндай дүкендерге бір-екі зат сатып алу үшін не таңертең, немесе кешкі уақытта барады. Қазіргі жағдайда бұл дүкендер қажетті уақытта жабық тұрады, ал жұмыс істеп жатқан уақытында бірден бес адам кіріп, іші толып кетеді».
Ашық базарларда да тура осындай жағдай. Көкөніс пен жеміс-жидектердің науқанында көпшілік базарларға барады. Оның үстіне отбасылық бюджетті үнемдеу мақсатында көпшілік, соның ішінде 42 500 теңге алушылар азық-түлікті алу үшін базарға барады.
Эльдар Тынышбайұлы мемлекеттік органдарға үндеу жасады:
«Құрметті әріптестер, Денсаулық сақтау министрлігі, санитарлық-эпидемиологияқы қызмет, Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері, шектеудің әсерін нақты бағалап, қайта қараудың кезі келді емес пе? Әрине, шенеуніктер жұмыс істеп, шаралар қолданып, тыйымдар енгізіп, айыппұл салып жатқандарын көрсеткісі келген болса – онда олар өз мақсаттарына жетті. Бірақ мақсат – инфекцияның таралуына жол бермеу болған болса, онда бүгінгі қалыптасқан жағдай – бұған ықпал етіп жатқан жоқ!» – деп қорытындылады ҰКП Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: