Бейбіт митингтің орнына кездесу: БҚО сауда үйлерінің жалға алушылары қала әкімімен түйткілді мәселелерді талқылайды
22 шілдеде Орал қаласында қала әкімі Абат Шыныбеков ірі сауда үйлерінің бутик жалдаушыларымен кездесу өткізед
Кездесудің масқаты – локдаун кезеңінде санитарлық шектеу шараларын талқылау. Кәсіпкерлер қойылған шектеулерге қатысты өз ұсыныстарын айтып, қала әкіміне сұрақтар қояды. Жалға алушылар сауда орындарын жапқан кезде кәсіпкерлер арасында таңдау әдісі қолданатынын алға тартуда.
«Московский», «На Театральной», «Астана», «Школьник» және «Сити-центр» сауда үйлерінің жалға алушылары өз позицияларын БҚО Кәсіпкерлер палатасы бастамасымен ұйымдастырылған кездесу барысында айтқан болатын. Кәсіпкерлердің айтуынша, енгізілген шектеу шаралардың салдарынан олар кірістен айырылып, күн көріс жағдайлары қиындады, қарыздарды қайтару, жалға алу құнын, коммуналдық қызметтерді төлеуге мүмкіндіктері жоқ. Бұдан бөлек, оларды салық органдары, банктер және Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры өкілдері мазалауда. Карантиндік шараларды ұзарту ықтималдылығы да жағдайды қиындатпақ.
Айта кету керек, кейбір сауда үйлердің иелері кәсіпкерлерге жеңілдік жасап, жалға алу төлемін алмаған, немесе 15-50%-ға дейін жеңілдік берген. Алайда жалға алу құнын 100%-ға талап еткен сауда үйлері де бар.
Жалға алу төлемі егер сауда үйлері екі аптадан кейін ашылса, бұл төлем тамыз айына саналады деген шартпен алынуда. Кездесуге қатысушылардың айтуынша, әр сауда үйінде ке йбір бутиктер біржолата жабылған. Мәселен, «Астана» сауда үйінде 4 бутик, «Московский» сауда үйінде 10 бутик жабылды. Сондай-ақ кәсіпкерлер сауда объектілерін карантинге жабуда жалға алушылар арасында таңдау жасау әдісі қолданатынын айтуда.
Кәсіпкерлердің айтуынша, сауда үйлерінде келушілердің саны аз, тура осындай ситуация супермаркеттер, қоғамдық көлік және банктерде байқалған.
Бизнес субъектілерінің позициясын тыңдап, БҚО Кәсіпкрлер палатасының директоры Б.Ибрагимов Өңірлік палата бизнесті қолдауға екпін жасайтынын, барлық мәселені ашық диалог форматында шешуге болатынын атап өтті.
Соның нәтижесінде кәсіпкерлер жоспарланған бейбіт митингтің орнына Орал қаласының әкімімен кездесу өткізіп, барлық түйткілді мәселені шешу бойынша шешім қабылдады. БҚО ӨКП басшылығы Орал қаласындағы ірі сауда үйлердің мүддесін қорғайтын топқа сүйемелдеу көрсететін болады.
Басталуы: сағат 10:00-де.
Жауапты маман: БҚО ӨКП директорының орынбасары М.Нұрғуатов: 87783599537
Пікір қалдыру:
Пікірлер: