Абылай Мырзахметов: бүгінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қаржыландыруға 2 064 жоба мақұлданды
ҚР Үкіметінің отырысы барысында «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының аралық қорытындысын баяндады
ҰКП жүргізген сауалнамаға 30 мыңға жуық бизнес субъектісі қатысқан.
«Әр бесінші кәсіпкер тауар мен қызметтерге сұраныстың төмендеуін айтты. Сауалнамаға қатысқандардың 22%-ы несие төлемдерін өтеуге қаражаты жоғын айтқан. Сауалнамаға қатысқандардың 19%-ы салық төлеуге қаражаттың болмауын белгілеген», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.
Бұдан бөлек, Абылай Мырзахметов «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының ағымдағы нәтижесі туралы ақпараттандырды.
«Қазіргі таңда бизнестің 2064 жобасы жалпы сомасы 491 млрд теңгеге мақұлданды, бұл бөлінген қаражаттың 50%-ын құрайтын сома. Осы ретте субсидияланған жобалардың саны 225,9 млрд теңге сомасында 1 457 бірлікті құрады», – деп хабарлады «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы.
ҰКП басшысы банк мақұлдаған жобалар және нақты қаржыландырылған жобалар арасындағы айырмашылықты назарға алды, айырымшалық 265 млрд теңгені құрап отыр.
«Банктермен бірлесіп, әр жобаны жекелей талдап, мақұлданған жобалар неге қаржыландыруға дейін жетпеуінің негізгі себептерін анықтау қажет», – деді Абылай Мырзахметов.
ҰКП Төрағасы бөлінген қаражатты пайдалануға тосқауыл болатын негізгі кедергілерге, соның ішінде кәсіпкерлердің өтініштерін қараудың ұзақ мерзіміне, банктердің жоғары талаптары мен айналым қаражатын 100% толықтыру мақсатында қаржыландырудың болмауына қысқаша тоқталып өтті.
ҰКП Басқарма Төрағасы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген 100 млрд теңге қаражаттың 20% көлемінде төмен игерілуін атап өтті. Қаражатты тиімді пайдалану үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында несиелік мақсаттарды: егін жинау жұмыстары түрінде, көктемгі дала жұмыстарымен қатар тиісті ауыл шаруашылық іс-шараларды кеңейту ұсынылды.
Ұлттық палата басшысы қазіргі кезде бизнеске айналым қаражаты қажет екенін атап өтті. Жобалық кеңсе АӨК саласындағы импортты алмастыру жобалары бойынша жүргізген талдауға сәйкес жобалардың жартысынан көбі (53%) өндіріс көлемін арттыруға қаражат айналымын толықтыруды қажет етеді.
Осыған байланысты Абылай Мырзахметов Бағдарламаның тиімділігін арттыруда бірқатар ұсынысты ҚР Үкіметіне таныстырды.
Абылай Мырзахметов тағы бір маңызды сала – реттелетін сатып алулардағы жергілікті қамтуды дамыту барысымен бөлісті.
Спикердің айтуынша, «бірінші жартыжылдықта 4,3 трлн теңгеге сатып алулар жүргізілген, соның ішінде жартысы бір көзден әдісімен жүргізілген.
ҰКП Басқарма Төрағасы мемлекеттік сатып алуларға қатысуды шектейтін бірқатар мәселені белгіледі, атап айтқанда, сатып алу кезінде кодтарды дұрыс қолданбау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын сатып алуда шартты жеңілдікті субъективті есептеу, сондай-ақ техникалық сипаттамаларда ҚР-да қолданылмайтын шетелдік стандарттарды көрсету.
«Қарапайым заттар экономикасы» салаларында жергілікті қамтуды жоғарылату бойынша жұмысты ерекше атап өтті. Абылай Мырзахметовтың айтуынша, негзгі мәселелердің бірі өңір әкімдері беретін деректер және мемлекеттік сатып алулардағы деректер арасында айтарлықтай айырмашылық бар.
Абылай Мырзахметов жылдық көлемі 2,5 трлн теңгені құрайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарын сатып алудағы жергілікті қамтудың әлеуетін атап өтті.
Бұдан бөлек, Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссиялардың жұмысын күшейту, импортталатын материалдарды пайдаланғаны үшін тапсырыс берушілер мен мердігерлердің жауапкершілік шараларын қарастыру, барлық кезеңдерде отандық құрылыс материалдарының бірыңғай тізілімін қолдану, сондай-ақ құрылыс процесінің жұмыс құжаттамасын цифрландыру бойынша міндеттерді белгілеу ұсынылды.
Бизнестің мемлекеттік қолдау шаралары бойынша қарсы міндеттемелерін цифрлық мониторингілеуге қатысты Президенттің тапсырмасын іске асыру үшін Абылай Мырзахметов осыған дейін Президентке таныстырылған ҰКП цифрлық платформасын – Кәсіпкерлікті қолдаудың ақпараттық жүйесін қолдануды ұсынды.
Заңнамаға өзгерістерді енгізудің процедуралық кезеңдерінің ұазқтығын ескере отырып, ҰКП Басқарма Төрағасы заңнамаға түзетулер күшіне енгенге дейін бизнестің қарсы міндеттемелері цифрлық мониторингінің пилоттық жобасын іске қосуды ұсынды.
Абылай Мырзахметовтың баяндамасы қорытындысы бойынша Асқар Мамин Жобалық кеңсе жұмысын оң бағалап, бірқатар нақты тапсырма берді.
Атап айтқанда, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру бойынша, Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығы, екінші деңгейлі банктер және Жобалық кеңсемен бірлесе отырып, әр мақұлданған жоба аясында қаржыландырудың кешеуілдеу себептерін талдау қажет.
Сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігіне Қаржыгерлер қауымдастығы, екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, несиелік өтінімдерді, құжаттар тізімін және кепіл саясатын жеңілдету бөлігінде банктердің бизнес-процестерін оңтайландыру мүмкіндігін қарастыру қажет.
Асқар Мамин бұдан бөлек, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярға Ұлттық Банк және «Атамекен» ҚР ҰКП-мен бірлесіп, 100% айналым капиталын қаржыландыруды кеңейту мүмкіндігі бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.
Үкімет басшысы жергілікті қамтуды дамыту бойынша ҚР Қаржы министрлігі, «Атамекен» ҰКП және әкімдіктерге жергілікті қамтуды, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен құрылыс жобаларын бақылауды күшейту тапсырды.
Премьер-Министр бизнестің қарсы міндеттемелерін бақылау мәселесі бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдар және Жобалық кеңсемен бірлесіп, заңнамалық жұмыс аяқталғанға дейін, Ұлттық палатаның ақпараттық жүйесі негізінде бизнестің қарсы міндеттемелерін цифрлық бақылау бойынша пилоттық жобаны мүмкіндігінше қысқа мерзімде әзірлеуді тапсырды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: