«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру мәселелері талқыланды

2014 жылғы 15 Сәуір
8990 просмотров

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, ҚР Табиғи монополияларды реттеу бойынша агенттігі, ҚР Статистика бойынша агенттігі, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп басым немесе монополиялы орынға ие болған нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін қалыптастырудың әдістемелік мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл отырыста Шығыс Қазақстан облысы және ҚР өңірлік кәсіпкерлер палаталарының кәсіпкерлерінің Тізілімге енгізілу кезіндегі, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін, әкімшілік жазаға тартуда Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарындағы монополияға қарсы инспекцияның негізсіз және заңсыз әрекеттері туралы жолданымдары қарастырылды.

Дөңгелек үстел барысында монополияға қарсы органдар өкілдерінің кәсіпкерлердің жолданымдарында сөз болған мәселелер бойынша жағдайларды түсіндіру бойынша, сондай-ақ монополияға қарсы заңнамаға өзгерістер енгізудің қажеттігі туралы сөздері тыңдалды.

Талқылау нәтижелері бойынша ҚР ҰКП халықаралық тәжірибені зерттеп-білуге және тауарлық нарықтарда бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау жасауда тауарларды талдап тексеру дәрежесін орнату бойынша, тұтыну көлемдерінің өнімдеріне (жұмысына, қызметіне) монополиялық тұрғыдан жоғары және төмен бағаларды есептеуді жұргізудегі есеп бойынша, ҚР Әкімшілік кодексіне монополияға қарсы заңнаманы бұзуда шағын және орта бизнес субъектілері үшін әкімшілік айыппұлдарды төмендету бөлімінде өзгерістер енгізу және ескерту санкциялары бөліміне толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар беруге шешім қабылданды.

Сондай-ақ ҚР ҰКП «ҚР мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» ҚР Заңына «монополияға қарсы тергеу» түсінігін «тексеру» түсінігіне теңестіру жағынан, ҚР «Бәсекелестік туралы» Заңына ҚР ҰКП өкілдерін, ҚР БҚА және ТМРА Басқармаларының құрамына тәуелсіз сарапшыларды қосу жағынан, «ҚР «Бәсекелестік туралы» және «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңдарына ҰКП өкілдерін ескере отырып бәсекені қорғау және табиғи монополияларды реттеу салаларындағы дауларды сотқа дейін ретке келтіру бойынша апелляциялық комиссия құру бойынша өзгертулер дайындалатын болады.

Сонымен қатар, Ұлттық палата ҚР Үкіметі жанындағы Экономикалық саясат кеңесінің қарауына басым және монополиялы жағдайға ие болған нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін болдырмау мәселесін енгізеді.

Сондай-ақ кәсіпкерлердің ҚР «Бәсекелестік туралы» Заңына, басқа да монополияға қарсы құқыққа қатысты заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар бойынша ұсыныстарын шоғырландыру және ҚР «Бәсекелестік туралы» Заңына өзгертулер енгізу бойынша ұсыныстарды, ҚР Үкіметінің әдістемелік сауалдар бойынша нормативтік-құқықтық актілерін ҚР Үкіметінің қарауына жіберу жоспарлануда.

ҚР БҚА жүргізетін тауарлы нарықтағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдаулардың айқын еместігі, бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау жасалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) талдап тексеру дәрежесінің тұрлаусыздығы, монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдардың шектен тыс жоғарылығы және т.б. сияқты бәсекелестік мәселелері бойынша жүйелік мәселелерді талқылау жөніндегі жұмыс 2013 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы, Беларусь Респбликасы және Ресей Федерациясы Басшылары қол қойған «Бәсекелестік» туралы Үлгілік Заңының нормаларына бәсекелестік саласындағы қазақстандық заңнаманы бейімдеу мақсатында ҚР БҚА дайындаған «Бәсекелестік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстелдің шеңберінде жалғасатын болады.

Барлық мүдделі мемлекеттік органдарды, Қауымдастықтарды және кәсіпкерлік өкілдерін осы заң жобасын талқылауға шақырамыз. Талқылау 2014 жылғы 22 сәуірде 16.00-де мына мекен-жай бойынша өтеді: Астана қ., Д.Қонаев көш., 8, «Изумрудный квартал» АЗ, «Б» блогы, 27 қабат, «Жетiсу» конференц-залы.

Сіз қызығушылық танытып жатсаңыз, Жұмыс тобына енгізу үшін кандидатураны мына электронды мекен-жайға жіберуіңізді сұраймыз e.kapanov@palata.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер