«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Мұнай-газ өнеркәсібі комитеті экологиялық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарастырды

2014 жылғы 15 Сәуір
9247 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының мүшесі Данияр Әбілғазиннің төрағалығымен ҚР ҰКП Төралқасының Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің отырысы өтті, онда жекешелендірудің, экологиялық және салық заңнамасының екінші толқынын өткізу мәселелері қарастырылды.

Парниктік газдар шығарындыларын реттеуге қатысты Қазақстанның парниктік газдар шығарындылары көлемінің абсолютті шамасы  бойынша жалпы дүниежүзіліктен 0,7% аз бөлікті құрайтыны аталды, бұл Еуропадағы орташаға қарағанда Қазақстанның суық климаты салдарынан жылу энергиясын 2,5 есе қолданатынына қарамастан.

Сонымен қатар, парниктік газдар шығарындылары бойынша негізгі көшбасшы елдер парниктік газдарды реттеудің халықаралық жүйесінің қатысушылары болып табылмайды. 

Киотолық Хаттамаға (Катар, 2012 ж. 8 желтоқсан) Дохийлік Түзетуді қабылдаған жағдайда Қазақстанның жыл сайын кем дегенде 12% парниктік газдар шығарындыларына қол жеткізуіне тура келеді, бұл техникалық тұрғыдан мүмкін емес және айтарлықтай экономикалық құлдырауға әкеледі.

Отырыс нәтижелері бойынша Комитет ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқармасына ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігіне «Дохийлік түзетуді» бекітпеу ұсынысымен жүгіну, сондай-ақ квоталарды берудің ұлттық жүйесін модернизациялау бойынша ұсыныс енгізу нұсқалды.

Экологиялық заңнаманың күрделі мәселелерін талқылау қорытындылары бойынша табиғатты пайдалануға қатысты Ұлттық палатаның жанынан экологиялық заңнама және заңды қолдану тәжірибесі нормаларын талқылау үшін Сұхбат алаңын құру, жергілікті бюджеттерге экологиялық айыппұлдар бойынша келіп түскен қаражатты мақсатты қолдануға талдау жасау шешімі қабылданды, сондай-ақ экологиялық заңнаманы жетілдіруге бағытталған басқа да шаралар нұсқалды.

Отырыстың шеңберінде «KAZENERGY» Қауымдастығының Қаржы-экономикалық мәселелер бойынша Сараптау Кеңесі дайындаған «Салық кодексіне» және «Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану ережелеріне» өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстары мақұлданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер