«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

#ЖАҚСЫЛЫҚЖАРШЫСЫ: Дәрігерлерге арналған ыстық тамақ 

2020 жылғы 16 Шілде
4125 просмотров

Ақтөбелік кәсіпкерлер дәрігерлерге қолдау білдірді.

«Жақсылық жаршысы» республикалық қайырымдылық акциясы шеңберінде бизнесмендер теміржол ауруханасының медицианлық қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтыды. 
Кәсіпкерлер Орман Түзелбаев, Нұржамал Күлекенова, Әлия Байболатова және Алтынай Мұханова ыстық тамақпен 50 контейнер ұйымдастырды. Жұқпалы аурулар ауруханасы ішіне кәсіпкерлер кірмеді, контейнерлер медицина мекемесінің өкіліне тапсырылды. 

«Осындай қиын кезеңде отбасыларын көрмей, күні-түні еңбектеніп, өз өмірі мен денсаулығын қатерге тіккен дәрігерлерге қолдау көрсетеміз деп шештік. Қазіргі жағдайда бір-бірімізге көмектескеніміз абзал», – дейді кәсіпкерлер. 

Еске салсақ, «Жақсылық жаршысы» республикалық қайырымдылық акциясы «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен іске қосылды. Акция мақсаты – қаражат, дәрі-дәрмек, сондай-ақ коронавирус инфекциясына қарсы күреске жұмылған медициналық мекемелерге арналған қажетті жабдық жинау. 
«Жақсылық жаршысы» акциясының негізгі міндеті мұқтаж жандар, медициналық мекемелер, сондай-ақ көмектескісі келетін азаматтар арасындағы байланыстырушы көпір болу.

Көмек беру үшін atamekenim.kz сайтына өту керек.

Мына сілтемені басу арқылы («Мен көмектескім келеді» түймесін басыңыз) компьютер немесе смартфон арқылы, сондай-ақ келесі реквизиттер бойынша банк арқылы қаражат аударуға болады:
010000, Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Достық көшесі, 5
БСН 180540015308
ИИК KZ076018821000192561
БИК HSBKKZКX 
KNP 119 - басқа тегін ақша аударымдары
KBE - 18
Байланыс телефоны: 8 (776) 333 77 66 (WA)


Еншілес ұйымдар

Серіктестер