«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҰКП Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент көтерген бастамаларды қолдайды

2020 жылғы 11 Шілде
6570 просмотров

ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы 10 шілдеде өтті

Бірінші – жекелеген салық түрлерінің ставкаларына қатысты шешім. Қолдаймыз! Сіз атап өткендей, экспорттық позиицияларға төмен бағалардың болуына байланысты бюджет тапшылығының тәуекелі күтілуде. Тиімсіз шығындардан кейін салықтар бойынша ставкаларды, соның ішінде квазимемлекеттік сектордың шығындары мен тиімділігі төмен мемлекеттік бағдарламаларды қайта қарауға қатысты позицияны ұстанып,  мәселені бірнеше рет көтерген болатынбыз. Бұл туралы Сіз өз үндеуіңізде де атап өттіңіз. Корпоративті табыс салығы және қосылған құн салығы ставкаларының ықтимал жоғарылуына байланысты қиын экономикалық жағдайда наразылықтың болуы орынды. Сондықтан осыған қатысты шешіміңізді бизнес-қомғадастық оң қабылдады. 

Екінші –  отандық тауар өндірушілерді қолдау және инфрақұрылымдық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жергілікті үлесті қамтуды ұстану. Жергілікті қамту жөніндегі өңірлік комиссиялар жұмысына қатысты айтқан орынды сыныңызды қолдаймыз. Жұмыстың лайықты жолға қойылуында бизнес бұл іске белсенді жұмылып, жұмыс орындары және салық бойынша міндеттемелерді өз жауапкершілігіне алады. бұл мәселе шектеулер мен пандемия кезеңінде аса маңызды. 

Үшінші – «Бизнеске арналған үкімет» жобасы. Локдаун жағдайында қызметтер, соның ішінде рұқсат құжаттар, сертификаттарды қашықтықтан немесе «бір терезе» қағидатымен бір орыннан алуға болады. Сондықтан ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Бизнеске арналған үкімет» КЕАҚ-ты қоса алғанда, мемлекеттік органдармен ресурстарды синхрондау және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары базасында «Бизнеске арналған үкімет» кеңселерін ашу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайынбыз. 

Төртінші – Ұлттық банк және «Атамекенге» тапсырылған бизнесті қолдаудың кешенді шараларын әзірлеу. Сіз жұмыс орындарын сақтау және әр өңір мен кәсіпорын кескінінде экономикалық көрсеткіштердің сақтау маңызын атап өттіңіз. Осы тапсырманы қолдай отырып, бизнес кешенді мемлекеттік қолдауды күтетінін атап өтпекпіз, карантиннің әр күні тұтынушылық сұранысқа теріс әсерін тигізуде. 
Ұлттық палата жүргізген сауалнама нәтижесінде кәсіпкерлердің 70%-ы салық және несиелік төлемдер бойынша шегерім қажеттігін белгілеген. Төтенше жағдай кезеңінде еңбекақысыз мерзімсіз демалысқа кеткен жұмыскерлерге 42 500 төлемі айтарлықтай көмек болған. Осы ретте жалға алу төлемдеріне қатысты проблема шешілмеді, бұл азаматтық-құқықтық қатынастар болғандықтан жалға берушілердің барлығы бірдей жеңілдік жасауға дайын болмады. Сондай-ақ несиелік ресурстарға қолжетімділік бойынша проблемалар бар. 

Бесінші – санитарлық нормаларды енгізу және кәсіпкерлік қызметті сақтау мүмкіндігі. 
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Барлық тараптардың: қоғам, мемлекеттік органдар және бизнестің жауапкершілігін күшейтуді көздейтін ойыңызбен келісеміз. Сондықтан біз бизнес және мемлекеттік санитарлық қызметтер арасында дәнекер болып, Денсаулық сақтау министрлігімен тығыз жүйелі жұмысты жалғастырудамыз. 
8 шілдеде біздің бастамамызбен Денсаулық сақтау министрлігі, нарық өкілдері, сарапшылардың бірлесуімен Дағдарысқа қарсы азаматтық штаб құрылды. 

Штаб аясында үш қосалқы топ құрылды: 

 -зертханалық секторды қоса алғанда, COVID-19 ауруының көбеюі жағдайында халықтың медициналық көмекке қол жетімділігін арттыру жөніндегі топ;

- фармацевтика индустриясын, соның ішінде дәріханалар секторын дамытудың түйткілді мәселелері жөніндегі топ;

-барлық қызмет салалары объектілеріне қойылған санитарлық талаптарды ұстану мәселелері жөніндегі топ.

Соңғы қосалқы топ шеңберінде бизнес пандемия жағдайында ұжым, клиент, келушілер қауіпсіздігі үшін толықтай жауапкершілікті ала отырып, жұмыс істеуге дайындығын білдірді. Бизнес субъектілері тиімсіз мобильді топтарды алмастыра алатын цифрлық бақылауға дайын екенін айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер