«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

2020 жылдың 13 шілдесінде жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша біліктілікті арттыру бойынша оқу курсы өткізіледі.

2020 жылғы 10 Шілде
6644 просмотров

«Атамекен» ҰКП ұйымдастыруымен өтетін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» педагогикалық мамандарды қайта дайындау курсына 1784 педагог қатысады.

Курс ұзақтығы 108 академиялық сағатты құрайды. Оқу курсы 14 облыс орталығы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 2-3 лек ауқымында өтеді.

Алғашқы лек 13-24 шілде аралығында екі апта бойы онлайн форматта өтеді деп жоспарланған. Оқу курсын біліктілігі жоғары, тәжірибелі бизнес-тренерлер өткізеді, сондай-ақ тыңдаушыларға «Атамекен» ҰКП жобалық тобы осы жылдың соңына дейін ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсетеді.

Педагогтарға арналған оқу курсы аяқталған соң тыңдаушыларға оқу аяқталғаны туралы сертификаттар табысталады. Оқу курсына қатысушылар бағдарламада ұсынылған метериалдарды тәжірибеде қолданып, мектеп оқушыларына бизнес-пайымдау, бизнесті жүргізу дағдыларын үйретіп, кәсіпкерлік қызмет негіздерін геймификация арқылы бойыларына сіңіріп, сабақ барысын отандық және шетелдік кәсіпкерлердің бизнес-кейстеріне жағдаяттық талдау жасап, жобалық оқыту әдістерін іс жүзінде қолдана отырып жүргізе алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер