«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер және Денсаулық сақтау министрлігі дағдарысқа қарсы азаматтық штабтың алғашқы отырысын өткізді

2020 жылғы 09 Шілде
5174 просмотров

Штабты құру идеясы жайында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов айтты. Штабтың қызметі COVID-19 індетіне қатысты түйткілді мәселелерді жедел шешуге көмектеседі

Штаб аясында 3 қосалқы топ құрылды:

-зертханалық секторды қоса алғанда, COVID-19 ауруының көбеюі жағдайында халықтың медициналық көмекке қол жетімділігін арттыру жөніндегі топ;

- фармацевтика индустриясын, соның ішінде дәріханалар секторын дамытудың түйткілді мәселелері жөніндегі топ;

-барлық қызмет салалары объектілеріне қойылған санитарлық талаптарды ұстану мәселелері жөніндегі топ.

Алғашқы жиын бизнеске арналған санитарлық нормалар мәселелері бойынша өтті. Іс-шараға қауымдастықтардың  120-дан астам өкілі мен кәсіпкерлер, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшылығы қатысты. Соңғы апта ішінде ҰКП сауда, жеке білім беру саласы және сұлулық индустриясының 500-ден астам кәсіпкерімен санитарлық нормалар мен осы стандарттарды бақылаудың цифрлық шаралары туралы пікірталастар өткізді.

 «Бизнес объектіні қайта жабдықтау, жеке қорғаныш құралдарын сатып алуға қосымша шығындануда. Осы шығындар негізді болуы үшін бизнеске қойылатын санитарлық нормалар да қисынды әрі орындалмалы болуы шарт. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті үлкен жұмыс атқарып, нәтижесінде «Санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларды ұйымдастыру мен өткізудің кейбір мәселелері туралы»  ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы қабылданғанын білеміз.  Біз мемлекеттік органмен одан әрі қорыту үшін бизнес-қоғамдастықты аталған бұйрыққа ұсыныстарды білдіруді ұсынамыз. Бұдан бөлек, кәсібін адал жүргізетін бизнеске жұмыс істеуге көмектесетін санитарлық нормаларды мониторингілеудің цифрлық құралдарын енгізу қажет», – деді ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

«Салауатты Астана» ЖШС директоры, «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастықтың мүшесі Лейла Ишбаева республикада 40%-ға жуық медициналық көмек пунктерінің жабылып қалу қатерін атап өтті. Бұл жайт сүзгілерді орналастыруға байланысты.

   «Сүзгілер жұмысын ұйымдастыру үшін орташа аудан 100-120 шаршы метр қажет, бұл бастапқы көмек инфрақұрылымы үшін орындалмалы, ал типтік емес ғимараттар үшін мүмкін емес. Мен көптеген аулдық объектілерді араладым, ауданы – 56 шаршы метр, ортасында пеш, қол жуу орны, бұл жерде сүзгі орнату туралы айтудың қажет жоқ. Бізде өңірлерде 700-800 объекті бар, соның ішінде 30-40%-ы тозған, оларды тез арада модернизациялау мүмкін емес, өйткені қаражат жоқ. «Үй жанындағы дәрігер» тұжырымына сәйкес тұрғын үйлердің бірінші қабаттарына ашылды, олардың учаскілерінде 3-тен 7 мыңға дейін адам бар, бұл 500 шаршы метр, соның ішінде 100 шаршы метрді сүзгі орнатуға беру қисынсыз. Егер оларды қазір жазалайтын болсақ, онда ауылдық пунктер мен қалаларды жоғалтамыз», – деді Лейла Ишбаева.

Denta тіс емдеу кабинеттерінің иесі Надежда Глухова объектілерде бақылау нормаларын жақсартуға қатысты ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, кәсіпкер міндетті ПТР-тест нәтижелеріне күмәнмен қарайды.

 «Тест қызметкерді қорғамайды, өйткені тест өткеннен соң ауруды жұқтырып алуға болады. Тестілеу кепілдік бермейді, оның үстіне бұл қолжетімсіз. Қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы нақты хаттама жазуды ұсынамыз, онда оң нәтижелі тестілеуді қызметкер өздігінен жүргізе алады немесе айқын симптомдар дәрігер жұмысының шектелуіне әкеледі. ТЖ кезінде жұмыс тәжірибемізге сәйкес маскаларға қарағанда респираторлар тиімдірек екенін байқадық, оларды әр 2-3 сағат сайын ауыстыру қажет емес. Өндірушілер мұндай қорғаныш құралдарын адам сау болса 8 сағатқа дейін киюге болатынын айтуда. Біз осы нұсқаны қарауды ұсынамыз», – деп атап өтті кәсіпкер.

 Бизнес секторларының басым бөлігі жұмысты уақыт және бір жерде бір мезгілде 3 адам артық жиналмауға қатысты шектеулер орындау мүмкін емес деп санайды. BI-group заңгерлік басқарманың бастығы Виктор Микрюков құрылыста 1 бетон плитаны 15 адам құю қажеттігін мысалға келтірді.

 «Төтенше жағдай кезінде жұмыс істедік, бұл құрылыс иелері қалтасына ауыр тиді. Бізде қызметкерлерді тасымалдауға қатысты сұрақтарымыз бар. Өйткені қызметкерлерді ай сайын жеткізіп отыру 16 млн теңгеге дейін сомаға жеткен, бұл проблема. Мұндай мүмкіндікті әр құрылыс компаниясы көтере бермейді, оның үстіне жеке көлікті неге қолдануға болмайтыны түсініксіз. Медициналық кабинеттерге қатысты сұрақтар бар. Пандемия кезеңіне дейін объектілерімізде медициналық кабинеттер болды, бірақ қазір оларға қатысты мөлшер бойынша талапатар қойылуда. Мұндай шарттарды ВI, «Базис-А» сынды ірі компаниялар орындай алады, ал қалғаны ше? Мұндай кабинеттер тіпті сметаларға кірмеген, көбі құрылысты тоқтатуға мәжбүр болады», – деді Виктор Микрюков.

«Тау-кен қазу және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ Талдау департаментінің сарапшысы ережелер мен қаулылар арасындағы арақатынас, тоннель орнату мәселесін көтерді.

 «Кәсіпкерлер тоннель орнатуға қарсы емес, бірақ олардың тиімділігі дәлелденбеген, және өңдеуден кейін адамдар химиялық күйік алған жағдайлар бар. Тоннель орнату адамдарға зиян келтіріп, жұмыс сапасын төмендетуі мүмкін», – деді спикер.

 Кездесуді қорытындылай келе, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Марал Рахымжанова әр сұраққа толық жауап беріп, даулы сұрақтар бойынша түсіндірме жасады.

 «Негізгі талаптар бас санитарлық дәрігердің қаулысынан алынды, бұл өңірлерде ешкім жаңа ереже тауып алмауы үшін жасалды. Шағын бизнеске барынша аз талаптар қойылған. Ал жоғары талаптар індетті жұқтырып алу қаупі жоғары объектілерге қойдық. Сіздердің ұсыныстарыңызға келетін болсақ, олардың барлығы қаралатын болады. Ал бүгін айтылған даулы мәселелер, мысалға жеке қорғаныш құралдарды әр екі сағат сайын ауыстырып отыру, қызметкерлерді жұмысқа жеткізу шаралары –жұмыскерлеріңіздің қауіпсіздігі үшін жасалған. Олар жұмысқа бейтаныс адамдарды жүрмеуі үшін, ал қорғаныш құралдары тез суланып кететін білеміз, сондықтан бактериялар көбеймеуі үшін әр 2 сағат ауыстырған абзал. Өнеркәсіптік кәсіпорындар болса, онда кейбір объектілерде жеке қорғаныш құралдарын кию мүмкін емес. Өйткені адамдар кәсіби қорғаныш құралдарымен жұмыс істеуі керек. Біз осы мәселелерді ары қарай талқылап, кездесуге дайынбыз. Егер ҰКП бізге түзетулерге қатысты ұсыныстар берсе, оларды қарауға дайынбыз. Осылайша қосымша қандай талаптар әзірлеуге болатынын түсінеміз. Бүгін біз бизнес тез жұмыс істеп кетуі үшін не істеуге болатынын айтып отырмыз», – деп қорытындылады жиынды Марал Рахымжанова.

  ҰКП мен бизенстің ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жолданған ұсыныстары

«Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің алдын алу үшін санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелер

«Атамекен» жаңа санитарлық нормаларға қатысты бизнестен ұсыныстарды жинауды жалғастырады, ұсыныстар ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жіберіледі. Ұсыныстарды WhatsApp нөміріне жолдаңыздар: +7778-870-1432, анықтама ақпарат: call-center - 1432

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер