«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» COVID мәселесі бойынша ұсыныстардың екінші легін Үкіметке жіберді

2020 жылғы 07 Шілде
4561 просмотров

Дәрі-дәрмектің тапшылығы халықтың үрейі мен дәріханалардағы дүрлікпеге ғана байланысты емес. Тапшылық дәрі-дәрмектерді мемлекет сатып алатын стационарларда, әсіресе өңірлерде қатты сезіліп жатыр

 Дәрі-дәрмек жетіспеуінің негізгі себептері:

-бөлшек сауда мен стационарларда дәрі-дәрмекке қажеттіліктің уақытында есептеліп, болжамбауы;

-тіркеу процедураларының  шамадан тыс қағазбастылыққа тәуелділігі;

-ұзаққа созылатын әрі шынайылыққа сәйкес келмейтін сатып алулар және т.б..

COVID-19 және өкпе қабыну ауруларының статистикасы медициналық ұйымдарға жүгіну фактісімен жүргізіліп жатыр. Алайда, азаматтардың басым бөлігі үйде емделіп, статистикаға кірмей отыр, өйткені белгілі себептермен медициналық қызмет шектеулі.  

 Ұсыныстар:

  1. дәрі-дәрмекті сатып алу (өндіру) бойынша өндірушілер, жеткізушілер және мемлекеттік органдар үшін түсінікті бағдар қалыптастыру.

Ол үшін есептеулерге білікті мамандарды тартып, медициналық ұйымдар, халық және бизнеске арналған дәрі-дәрмек, маскалар, қорғаныш костюмдер және басқа да медициналық заттарға қажеттілік нормалары мен есептеулерін жүргізу қажет.

  1. Басқа елдердің тәжірибесін алу:

-Қырғызстан тәжірибесі бойынша үлкен қалалар мен облыс орталықтарында орталықтандырылған күндізгі стационарларды ұйымдастыру, онда орташа ауырлықтағы COVID-19 және өкпе қабынуымен ауыратын науқастар кеңес алып, процедуралық ем шараларын қабылдай алады. Науқастарға жедел бақылау жүргізу. Ауру белгілері асқынған науқастарды – дереу стационарларға жіберу керек.

 -Корея және РФ тәжірибесі бойынша созылмалы аурулары бар адамдарға олардың емханаларда ауру жұқтырып алуын алдын алу үшін дәрі-дәрімектерді бірден алты айға беру; өкпе қабынуы және COVID-19-бен ауырып жатқан науқастарға қажетті дәрі-дәрмектерді үйіне жеткізу;

3. Әлеуметтік қорғалмаған топтағы тұрғындарға тегін маскалар беруді ұйымдастыру және жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға бизнесті субсидиялау, өйткені санитарлық стандарттардың жоғарылауы бізде ұзаққа созылатын процесс және жеке қорғаныс құралдарына кететін шығын  жоғары.

 4. егер дәрігер науқасқа онлайн кеңес берсе, онда азаматтарға рецептілі препараттарды беру мәселесін шешу керек. Сонымен қатар (процестерге қатысты ситуация жақсарғанға дейін) емдеу хаттамасы бойынша қажетті дәрі-дәрмекті рецептісіз бір қолға 1 қаптамадан беруді шешу.

 5. жеке дәріханалараға мемлекеттік тапсырысқа қатысу, онлайн жеткізілімді жүзеге асыруға (вирус және өкпе қабынуы бар науқастарға ғана емес, созылималы ауруы бар жандарға да) мүмкіндік беру;

6. Алматы және Нұр-Сұлтандағы қоймалардан дәрі-дәрмектерді жеткізу уақытын қысқарту үшін «Эйр Астана» әуекомпаниясының тұрақты рейстерінің мүмкіндіктерін пайдалану.

 Сондай-ақ пандемия әлемдік ауқымға ие екенін есте сақтаған жөн, сондықтан дәрі-дәрмектің ұқсас тізбегіне әлем бойынша жаһандық сұраныс бар. Шикізат пен логистикаға бағалар өсуде, дистрибьютерлерге кезек орын алуда.

Мемлекеттік қажеттілік үшін дәрі-дәрмекті сатып алуды жүзеге асыратын СК-Фармация бірыңғай  дистрибьютор осы факторларды ескермейді (курс индексикациясы, импортталатын шикізат пен жабдық құнының өсуі).

Сатып алулар бағасы жылдан жылға өзгермейді немесе төмен түспейді. Отандық өндірушілер және СК-Фармациямен келісімшарт жасасқан дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көптеген дистрибьюторлары жеткізілімдердің тоқырауы мен жоғалуын байқатуда. Ел ішінде өндірушілер үшін тиімсіз баға Қазақстанды импорттық тауарларға тәуелді етеді.

 7. осы механизмді халыққа зардап тигізбей жедел түрде реттеу қажет деп санаймыз. Бағаларды реттеу қисынды болуы шарт. Қажетті дәрі-әдрмек тізбегі нарықтан «алынбауы» керек. Адамдар үйде немесе ауруханада емделуіне қарамастан COVID және өкпе қабынуын емдеуге қажетті негізгі дәрі-дәрмектер халыққа тегін таратылуы керек.

 Тіркеудің ұзаққа созылған және ашық жүргізілмейтін механизмі дәрі-дәрмектерді дәріханалар мен стационараларға жеткізуде жүйелі ауытқуға әкеп соқты. Форс-мажорлық жағдайға қарамастан Қазақстан нарығына ену үшін әлі де көп құжат, қол жинап, қағазбастылықтан өту керек. Бұл процедуралар бірнеше айға созылады.

 Анықтама үшін: Мемлекеттік комиссияның шешімімен ағымдағы жылдың 2 маусымынан бастап процедура біраз жеңілдеді, бірақ мәселе толықтай шешілген жоқ.

 8. Нарықты толықтыру үшін келесі шараларды ұсынамыз:

-бірреттік жеткізілімге дәрі-дәрмек, медициналық заттардың оңтайландырылған тізімін бекіту;

- мүмкіндігінше бір реттік импорт үшін құжаттарды оңтайландыру – денсаулық сақтау басқармаларының келісімін (15 күнге дейін) және «тірі» мөрлер мен құжаттарға қол қоюды алып тастау;  тіркелген дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың осы санаты үшін фармацевтикалық нарықта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен қазақстандық орамдарда емес, басқа елдерге жеткізуге арналған орамда сатуға рұқсат ету;

 -дәрі-дәрмек және медициналық заттарды тіркеу процедураларын 3-5 күнге созылмауы үшін барынша оңтайландыру;

 -дәрі-дірмек, медициналық заттарға кеден баж салығын алып тастау;

 - барлық қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық заттар үшін дистрибьюторларға алдын-ала төлем жасау мәселесін шешу.

 Аталған шараларды Денсаулық сақтау министрлігімен қарастыру  жұмысы басталды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер