Ұлттық палата санитарлық нормалардың бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тарту фактілері туралы хабарлауды сұрайды
«Атамекен» кәсіпкерлерді санитарлық нормаларды бұзғаны үшін негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері туралы хабардар етуді сұрайды. Бұл туралы өзінің facebook парақшасында ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров хабарлады.
«Кеше Денсаулық сақтау министрлігі және Ұлттық экономика министрлігі халықтықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында тексеру парағын бекіту туарлы бірлескен бұйрықұа қол қойды.
Егер осыған дейін кәсіпкерлер төтенше жағдай кезеңінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша (төтенше жағдайды бұзу), ал төтенше жағдай аяқталған соң – 462-бабы бойынша (мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау) жауапқа тартылған болса, ЕНДІ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ КОДЕКСІНІҢ 425-БАБЫ БОЙЫНША (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) жауапқа тартылады», – деп жазды Ербол Өстеміров.
Қолдағы статистикаға сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша төтенше жағдай режимін енгізуден бастап әкімшілік жауапкершілікке 160 заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлік, 462-бап бойынша 236 заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлік тартылған.
«АЛ 425-БАП БОЙЫНША АЙЫПҰЛ МӨЛШЕРЛЕРІ ӨТЕ ЖОҒАРЫ (жеке тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері 30 АЕК (83 340 теңге); шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұл мөлшері – 230 АЕК (638 940 теңге); орта кәсіпкерлікке – 310 АЕК (861 180 теңге); ірі кәсіпкерлікке – 1 600 АЕК (4 444 800 теңге). ЕСКЕРТУ ҚАРАСТЫРЫЛМАҒАН.
СОНДЫҚТАН БІР АЙЫППҰЛДЫҢ ӨЗІ БИЗНЕС СУБЪЕКТІСІНІҢ АРЫ ҚАРАЙ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ ҮЛКЕН НҮКТЕ ҚОЮЫ МҮМКІН.
Кәсіпкер және жұмыскер, кәсіпкер және клиент арасындағы жауапкершілікті ажырату мәселесі маңызды болып отыр.
КӘСІПКЕРДІҢ ЖҰМЫСКЕРІ НЕМЕСЕ КЕЛУШІ КІНӘЛІ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА КӘСІПКЕРДІ ЖАУАПҚА ТАРТУҒА БОЛМАЙДЫ деп санаймыз.
Бұл мәселені Денсаулық сақтау министрлігімен талқыладық, ведомство бізді толықтай қолдады. Бірақ санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдерінің нысанды тексеруде орынсыз әрекеттеріне көз жұма қарауға болмайды.
Сондықтан егер кәсіпкерді (немесе жұмыскері) әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тартты деп санасаңыз онда «АТАМЕКЕН» ҰКП және БАРЛЫҚ ӨҢІРЛІК ПАЛАТАЛАР МӘСЕЛЕНІ ШЕШУГЕ АТСАЛЫСУҒА ДАЙЫН.
Барлық орын алған мәселелер бойынша төменде көрсетілген нөмірлерге хабарласуды сұраймын», – деп атап өтті Ербол Өстеміров.
- Өстеміров Ербол Лесбекұлы, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары, 8 701 520 54 56
- Темір Шыңғыс Саматұлы, Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің директоры-басқарушы директор, 8 701 660 49 91
ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАЛАРЫ
ӨКП директорларының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасарлары:
Нұр-Сұлтан қаласы |
Мұқаш Куанышбек Жақсыбекұлы |
8 700 689 16 13
|
Алматы қаласы |
Қошмамбетов Айтуар Асқарұлы |
8 701 888 29 86
|
Шымкент қаласы |
Акенов Қайрат Алшерұлы |
8 705 855 88 74 8 701 889 62 54
|
Ақмола облысы |
Сыздықов Расұл Ермекұлы |
8 701 798 74 47
|
Ақтөбе облысы |
Күйшінов Руслан Болатұлы |
8 701 784 85 82
|
Алматы облысы |
Қабдиев Қанат Тасболатұлы |
8 777 246 66 42 8 771 554 88 83
|
Атырау облысы
|
Жолдыбаев Сәрсенбай Хамидоллаұлы |
8 701 341 28 46 |
ШҚО |
Мұқашева Әлия Орумбекқызы |
8 705 521 66 62 |
БҚО |
Мақсотов Нұржан Ерболатұлы |
8 775 701 84 47 |
Жамбыл облысы |
Ким Ирина Алексеевна |
8 700 454 34 14
|
Қарағанды облысы
|
Асқаров Алхайдар Трайкенұлы |
8 701 511 95 70
|
Қостанай облысы |
Сәдуақасов Самат Сейілбекұлы |
8 777 017 20 40 8 701 320 83 84 |
Қызылорда облысы
|
Құлмахан Салауат Аязбайұлы |
8 702 233 40 04 |
Маңғыстау облысы |
Қалиев Болат Кемелбекұлы |
8 701 777 39 44
|
Түркістан облысы |
Махмұт Жомарт Мақсұтұлы |
8 701 908 10 32
|
Павлодар облысы
|
Әубәкіров Серік Мақсұтұлы |
8 771 173 43 42 |
СҚО |
Қазиев Жеңіс Абайұлы |
8 705 653 38 48 |
Пікір қалдыру:
Пікірлер: