«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Online Astana Finance Days 2020: құбылмалы әлемдегі нарықтар

2020 жылғы 29 Маусым
4624 просмотров

29 маусымнан бастап 3 шілдеге дейін онлайн режимде Astana Finance Days жыл сайынғы қаржы конференциясы өтеді

Бүкіл әлемнен келген инвесторлар, жоба әзірлеушілер, саясаткерлер және салалық сарапшылар Қазақстан және Орта Азиядағы нарықтық мүмкіндіктер, дамушы нарықтарға пандемияның әсерін, сондай-ақ қаржы секторындағы өсу мүмкіндіктерін талқылайтын болады.

 Конференция спикерлері:

  • «Астана» халықаралық қаржы орталығының мәмілелерді тарту жөніндегі депратамент директорының орынбсары Нұрлан Есмағамбетов;
  • құрметті лорд Мод Хоршама;
  • Baffin Bаy Networks бас директоры мен ненігізін қалаушы Йоаким Сандберг,  E&Y серіктесі;
  • Кавказ және Орта Азияда консультациялық қызметтер практикасының жетекшісі Ксения Бабушкина;
  • «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеттің лицензиялау бөлімінің басшысы Разаак Бусари;
  • USAID’S Future Growth Initiative төрағасының орынбасары Чолпон Кокумова;
  • «Қазына Капитал Менеджмент» Басқарма төрағасының орынбасары Әсет Сағымбеков;
  • China Construction Bank бас директоры, мистер Ван Сунхуа;
  • Биржалардың бүкіләлемдік федерациясының президенті Нандини Сукумар; 
  • Ұлыбританияның Шығыс Еуропа және Орта Азияда елдеріндегі сауда комиссары Джудит Слейтер;
  • ҚР-дың Біріккен Корольдіктегі Төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов;
  • ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрлан Дайырбеков және басқалар.

 Конференция барысында келесі панельдік сессиялар өтеді:

  • Мәмілелерді құрылымдау және «Астана» халықаралық қаржы орталығына капиталды тарту;
  • «Пост-COVID-19: қаржы технологиялары арасында ойын барысы өзгере ме»?
  • ШОБ өсуін қолдау және әлемде Пост-COVID-19-да тұрақты қаржы көздері;
  • Ауыл шаруашылық жобаларға инвестициялар және тәуекелдерді азайту, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктердің келешегі.

Конференция аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығы 3.0 қатысушыларына форум өтеді, оның барысында спикерлер карантин мен дағдарысты қалай өткеріп жатқандарын, COVID-19 салдарын өткеру бойынша идеялармен бөліседі.

 COVID-19 пандемиясы әр экономиканың, әр компанияның тұрақтылығын тексерді. Қаржы экожүйелерін қолдайтын үкіметтер қазіргі дағдарысты қалай жеңіп алуда? Шағын және орта кәсіпкерліктің өсу негіздерін қалпына келтіру үшін қандай қадамдар жасалып жатыр?

 Вебинар қатысушыларына қосылып, пандемия кезінде ШОБ-ты қорғау мәселесінде саясаткерлер мен қаржы орталықтарының қолданып жатқан әрекеттері жайында ақпарат алыңыздар. Аталған вебинар WAIFC (Халықаралық қаржы орталықтарының бүкіләлемдік альянсы) және «Астана» халықаралық қаржы орталығының бірлесуімен өтеді.

 Тіркелген қатысушылар спикерлер баяндамаларын тыңдай алады, сондай-ақ тікелей эфир барысында әлем сарапшыларына сұрақ қоя алады. Сонымен қатар Online Astana Finance Days барысын Twitter, Facebook және Instagram ресми парақшаларынан бақылауға болады.

Конферениця бағдарламасын алу және  аккредиттеуден өту үшін сілтеме


Еншілес ұйымдар

Серіктестер