«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ағымдағы жылдың 6 шілдесінен бастап Алматыда «Бастау Бизнес» жобасының екінші легі басталады  

2020 жылғы 29 Маусым
- Алматы қаласы
4541 просмотров

2020 жылдың 6 шілдеден бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне арналған оқытудың тегін курстары басталатын болады.

Биылғы жылы қабылданған карантиндік шараларды ескере отырып, «Atameken Academy» онлайн платформасы арқылы қашықтықтан онлайн-оқыту қарастырылған.    

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары оқыту қатысушылары болып табылады, оның ішінде:

- ауылдық елді мекендерде, қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар;

- мүгедектер, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмесе;

- зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;

- сондай-ақ NEET санатындағы жастар;

- табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;

- ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері;

- қоныс аударушылар және оралмандар.

         Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Бағдарлама қатысушыларына сертификат беріледі.

Жоба шеңберінде онлайн-оқыту үшін қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, оқудан өту туралы өтінішпен жүгінуі тиіс. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткердің мәртебесін жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда оқуға жолдама береді.

Өтініш беруші "Атамекен" ӨКП - не немесе оның аудандық және қалалық филиалдарына оны оқудан өту үшін топқа қабылдауды өтінеді.

Сонымен қатар, үміткер өз бетінше сілтеме бойынша онлайн-өтінімді қалыптастыра алады https://atameken.co/ru/course-bastau жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және халықты жұмыспен қамту орталығынан жолдаманы жүктеумен.

Оқытудың нақты орны мен уақыты туралы толық ақпарат алу үшін Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасына хабарласыңыз және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына хабарласу қажет:

Алматы қаласы, Жібек жолы даңғылы, 135, 8-қабат.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер