Тасымалдаушыларға жасалған тең жағдай шекарадағы ахуалды жақсартады
Қытай билігі эпидемия салдарынан өткізу пунктерінің жұмысын шектеді, ҚХР-мен шекарада жүк көліктерінің кептелісі орын алды. Жүк көлігінің ұзын-сонар кезегінде жеңіл автокөліктер де тұрып қалды
Ситуация Қытай тарапынан тәулігіне 50 машинаға дейін өткізу ауқымның күрт қысқартуына байланысты орын алған.
Қазіргі кезде «Нұр жолы» өткізу пунктінде кезекте 450-ден астам жүк көлігі, ал «Достық» бекетінде 150-ден астам жүк көлігі тұрып қалған.
«Жағдай күрделі, көлік жүргізушілері өткізу пунктерінде бір айдай уақыт тұр, наразылық өршуде. Күн сайын шекарада тұрған тасымалдаушылардан шағымдар түсіп жатыр. Мұндай жайт қалған үш бекеттегі шектеулерді алып тастаса реттелер еді», – дейді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Евгений Больгерт.
2020 жылдың 30 наурызында ҚР Үкіметінің қаулысымен үш өткізу пункті жабылды. ҚР ҰКП және Қазақстан Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл ел экономикасын қажетті тауарлармен қамтамасыз ету және Қазақстан мен Қытай арасындағы тауарлардың еркін қозғалысын ұйымдастыру мақсатында тыйымды алып тастау қажеттілігі туралы Үкімтке бірнеше рет өтінім жасаған.
2020 жылдың 10 маусымында тыйым алынып тасталды. Осы ретте Қалжат (Алматы облысы), Бақты және Майқапшағай (ШҚО) бекеттері жұмысында шектеулер қарастырылған, яғни медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрі-дәрмектер, тамақ өнімдерін және инвестициялық келісімшарттар, гуманитарлық көмек, мемлекеттік тапсырыс, сондай-ақ бос көлік құралдарына ғана жүру рұқсат етілген.
«Демек, үш учаскіде шекараны ашты, алайда бұл бекеттер тасымалға шектеу қойылғандықтан толық жүктелмеген. Біз коронавирус инфекциясының таралмауын болдыртпау бойынша шараларды күшейтуді қолдаймыз. Орын алған ситуацияны ескере отырып, кәсіпкерлер шығынға батып жатыр, контрагенттермен келісімшартт бұзылуда, ал көлік жүргізушілері жолда қалып қойды. Сондықтан Ұлттық палата жүк тасымалдарына тең жағдай қамтамасыз ете отырып, ҚР Үкіметінің №155 қаулысына өзгерістер енгізу мүмкіндігіне қатысты Үкімет көмегіне жүгінді», – деп атап өтті Евгений Больгерт.
Бұл шара Қазақстан-Қытай шекарасындағы ахуалды жақсартып, «Нұр жолы» және «Достық» бекеттеріндегі кептелісті азайтады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: