Тауардың шығу түбін растайтын сертификатты қалай алуға болады?
БҰЛ ҚАНДАЙ СЕРТИФИКАТ?
Бұл құжат тауардың шығу түбі Қазақстан Республикасы екенін растайды.
ҚАЖЕТТІЛІГІ ҚАНДАЙ?
Тауардың шығу түбі туралы сертификат (СТ-1, СТ-2, СТ-3, EAV, А, Оригинал) экспорттаушыларға нысаналы елде тарифтік жеңілдіктер (баж салығын төмендету немесе босату), тарифтік емес реттеу (тауарды әкелу/шығаруға тыйымдар, шектеулер) алу үшін рәсімделеді.
Ішкі тұтынуға туар шығарушылар үшін сертификат (CT-KZ) тауарларды еркін қоймалар мен еркін экономикалық аймақтардан әкету кезінде, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша сатып алынған тауарларды сатып алу, мемлекеттік сатып алуларға қатысу, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың мемлекеттік сатып алулары және өнімде жергілікті қамту үлесін растауда қажет.
ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?
- Тауардың шығу түбіне сараптама жүргізу үшін сарапшы-аудиторға жүгіну (CT-KZ алу үшін) керек;
- https://doculite.kz/ сайты арқылы өтінішті, сараптама актісі (СТ-KZ) мен құжаттар топтамасын электронды түрде өткізу керек.
Сертификат беру мерзімі – құжаттардың толық пакетімен қоса өтініш берген күннен кейін 1 жұмыс күні, өкілетті ұйымдарда (СТ-KZ) өтінішті жаңа тауарлық позицияларға беруде, жабдық және технологиялық операциялар өзгергенде өтініш тіркелген күннен бастап 2 жұмыс күні.
ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ
- СТ-1, СТ-2, СТ-3, EAV, Оригинал формасындағы сертификаттардың жарамдылық мерзімі берілген күннен бастап – 12 ай, «А» формасы берілген күннен бастап – 10 ай.
- «CT-KZ» тауардың шығу түбі сертификатының жарамдылық мерзімі берілген күннен бастап 12 ай немесе ішкі айналымға тауардың шыққан жеріне сараптама актісінің жарамдылығына байланысты – 36 ай.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: