«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ШҚО-да «Бастау» жобасының алғашқы легі өтіп жатыр

2020 жылғы 22 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
6110 просмотров

10 маусымда ШҚО-да Atameken Academy платформасында «Бастау» жобасымен оқу басталды.  Қатысушылар ШҚО Кәсіпкерлер палатасының 10 бизнес-тренері арасында өңірлерге қарай бөлінді. Бизнес-тренерлер онлайн режимде тыңдаушыларға кәсіпкерлік негіздерін үйретіп, кеңес береді

2020 жылға Шығыс Қазақстан облысында 2 350 адамды оқыту жоспарланған, жалпы бес лек өтеді: 10-30 маусым аралығы, 6-26 шілде аралығы, 28 шілде 17 тамыз аралығы, 19 тамыз 8 қыркүйек аралығы, 10-30 қыркүйек аралығы.

 Бірінші лекте Atameken Academy және Openstudy.kz сайттарында 1 279 адам тіркелді. Әр топқа 100 адамнан бөлініп, бизнес-тренер тағайындалды. Тыңдаушылар 12 модуль бойынша 50 бейне-сабақты игереді, сонымен қатар 12 тестіден өтеді. Оқу қазақ тілі және орыс тілінде өтеді.

 Кәсіпкерлік негіздері жөніндегі курс ауқымы кең, атап айтқанда әлеуетті жобалар мен нишалардан бастап,  бизнесті әлеуметтік желілер арқылы ілгерілету, мерчендайзер негіздері, қаржылық сауаттылық, жобаларға инвестиция  тартуға дейінгі бағыттар. Курсты тиімді қабылдау мақсатында бейне-сабақтар, слайдтар, таныстырылымдар, сонымен қатар салалық сарапшылардың қатысуымен вебинарлар, технолог және мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтар қарастырылған. Әр жаңа тақырып тыңдаушының өзіндік жұмысымен тиянақталады. Жеке қабілетті сынау үшін онлайн-скоринг қарастырылған. Әр туындаған мәселе бойынша қатысушы өз бизнес-тренеріне жүгіне алады.

  Әрине, әр бизнес-тренердің өз әдістемесі, жұмыс жүргізу әдісі бар. Үржар және Бесқарағай аудандары бойынша бизнес-тренер Сәуле Садықова өз күнін барынша тиімді өткізуге дағдыланған: таңертеңнен бастап, порталда жұмыс істейді, тыңдаушылардың атқарған жұмысын тексереді, әр тыңдаушыға WhatsApp арқылы жеке кеңес береді, қателіктерді айтады.

 «Тобымда әйел және ер-азаматардың саны тең. Тыңдаушылардың жас ерекшелігі түрлі, олардың барлығы оқу аяқталған соң «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасымен қаржыландыру алуға ниетті. Көбі мал шаруашылығын жүргізбек. Қолөнерші қыз-келіншектер көп», – деді Сәуле Садықова.

 Оқу аяқталған соң тыңдаушыларға қорытынды тестіден өтуге ұсыныс жасалады. Ондағы 15 сұрақтың ең кемі 9 сұрағына жауап беру керек. Содан кейін бизнес-жоспар конструкторы қолжетімді болады. Ары қарай дайын бизнес-жоспар 1-7 күн ішінде балдық жүйе бойынша бағаланады: аяқтау туралы сертфиикатты алу үшін ең кемі 18 балл жинау қажет, ең жоғары көрсеткіш – 30 балл. Қажетті балл жинай алмаған тыңдаушыларға «Бастау» жобасына қатысқаны туралы сертификат беріледі.

 Толық ақпарат алу үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасына хабарласу керек.

 ШҚО бойынша бизнес-тренерлер:

п/п

аудан / қала

Бизнес-тренер

байланыс

1.

Жарма ауданы

Абай ауданы

Жұмакишев Бекжан

87076555077

2.

Алтай ауданы

Ұлан ауданы

Әлимханов Бауыржан

87089586168

3.

Үржар ауданы

Бесқарағай ауданы

Садықова Сәуле

87785530159

4.

Өскемен қаласы

Егізбаев Рамиль (ментор)

87771393382

5.

Күршім ауданы

 Риддер қаласы

Кәріпжанов Ержан

87054453489

6.

Семей қаласы

Байділданова Лаура

87054168696

7.

Қатон-Қарағай ауданы

Аягөз ауданы

Қайыров Ержан

87078206187

8.

Тарбаатай ауданы

Көкпекті ауданырайон

Шәріпов Қанат

87771315050

9.

Шемонаиха ауданы

Глубоковский ауданы

Бородулиха ауданы

Камидулинов Дамир

87777433377

10.

Зайсан ауданы

Курчатов қаласы

Серғазин Жанболат

87774775030


Еншілес ұйымдар

Серіктестер