«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мұнайшылардан дер кезінде келген көмек

2020 жылғы 22 Маусым
- Маңғыстау облысы
2822 просмотров

Мұнайшылар Ақтау қаласының жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясына  үш реанимобиль көлігін сыйға тартты.

Шарапатты іс  «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтың және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асқан.

Реанимобильдер шұғыл көмек көрсету үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Мұннан өзге «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ облыстық ауруханаға 20 дана өкпені жасанды желдету аппараттарын көмек ретінде ұсынды. Қазіргі аты жаман сырқат артқан тұста аппараттар Маңғыстау облыстық ауруханасына, облыстық және қалалық перинаталдық орталықтарға, облыстық балалар ауруханасына, жұқпалы аурулар ауруханасына және өңірдің аудандық ауруханаларына берілді. Құралдар толықтай іске қосуға жарамды. Жалпы алғанда компания денсаулық сақтау органдарына 818 млн. теңгеден астам сомаға көмек көрсетті.

«Коронавирус дерті біздің күшімізді сынап жатқан сынды. Еліміз үшін күрделі кезеңде біздің ортақ қиындықтардың алдында бірігуіміз маңызды», – деп атап өтті «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы

«Реанимобильдер мен өкпені жасанды желдету аппараттары – бұл біздің жерлестеріміздің денсаулығын сақтау және құтқару ісіне қосқан қомақты үлесіміз. Медициналық жабдықтар ұзақ және сенімді қызмет етеді деп үміттенеміз. Барлық маңғыстаулықтарды медицина мамандарының талаптарын мүлтіксіз орындауға, барлық нұсқамаларды сақтауға және өз денсаулықтарын мұқият бақылауға алуға шақырамыз. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар», – дейді мұнайшылар.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ инфекциялық және провизорлық орталықтардың дәрігерлік қызметкерлерін, блок-бекеттерде кезекшілік ететін полицейлерді және патрульдік сала қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз етіп келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер