«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы отандық құрылыс компанияларына арналған сайт ашты

2020 жылғы 18 Маусым
- Жамбыл облысы
4147 просмотров

Құрылыс индустриясында қазақстандық қамту үлесінің мәселесі ел өңірлерінде әлі де өзекті. Құрылыс компаниялары жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға дайын, алайда қажетті материалдар өндірісі жайында ақпаратты біле бермейді. Өндірушілер өз кезегінде қандай құрылыс материалы қандай көлемде қай жерге қажет болып жатқаны туралы аз ақпараттанған

 Осы мәселеге нүкте қою мақсатында Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы облыстық әкімдікпен бірлесіп, құрылыс саласына https://kasipzhardem.kz/ арнайы интернет ресурсын әзірледі. Бұл сайтқа 280 жобалық-сметалық құжаттаманың түрі енді.

 «Мемлекет басшысы және Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында kasipzhardem.kz сайтын іске қостық. Аталған сайттың платформасында өңірде салынып жатқан объектілердің жобалық-сметалық құжаттамасы жарияланады, сәйкесінше барлық қажетті құрылыс материалдары белгіленеді. Құрылыс материалдарын өндірушілер тарапынан алғашқы күннен бастап өтініштер келіп түсуде. Осы механизм құрылыс компаниялары мен отандық тауар өндірушілер арасындағы ынтымақтастықты арттыра түседі деп үміттенеміз», – деді Жамбыл облысы ӨКП директорының м.а. Самат Қосалиев.

 Биыл Жамбыл облысы бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 720 объект құрылысы жоспарланған. Барлық жобалық-сметалық құжаттама ашық қолданыста сайтта жарияланған. Жамбылдық құрылыс компаниялары отандық өндірушілермен етене жұмыс істеуге әрі отандық құрылыс материалдарын пайдалануға дайын екенін атап өткен жөн.

 Өңірлік кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан жергілікті өндірушілерді https://kasipzhardem.kz/ сайтында жарияланған сметалармен танысып, өз қызметтерін белсенді ұсынуға шақырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер