Қасым-Жомарт Тоқаев бейне-байланыс режимінде Тимур Құлыбаевпен кездесті
18 маусым күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейне-байланыс режимінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевпен кездесті. «Атамекен» ҰКП басшысы төтенше жағдай режимі және карантиндік шектеулерден кейінгі кәсіпкерліктің жағдайы туралы хабарлады
Сонымен қатар Тимур Құлыбаев бизнестің зардап шеккен салаларының түйткілді мәселелерін талқылау жөніндегі жұмыс кездесулер легінің алдын ала қортындысы туралы ақпараттандырды. «Атамекен» ҰКП бастамасымен өткен бірлескен кездесулерге ҚР Премьер-Министрі, Үкімет мүшелері, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.
Мемлекет басшысына жұмыспен қамту мәселелері және қолданылып жатқан қолдау шараларының тиімділігіне қатысты кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнамалардың қорытындысы баяндалды, аталған сауалнамаларға 65 мыңға жуық бизнес субъектісі қатысты. Бұдан бөлек, Қазақстан Президентіне Үкімет, жергілікті атқарушы органдар және «Атамекен» ҰКП-ның бірлесуімен Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бірыңғай ахуалдық орталық ашу туралы ұсыныс айтылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: